gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайлау 2026: Түркістан облысында 20 мыңнан аса жас алғаш рет дауыс береді

13 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сайлау 2026: Түркістан облысында 20 мыңнан аса жас  алғаш рет дауыс береді
Share on FacebookShare on Twitter
Елімізде маңызды саяси науқан — Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Әсіресе, бұл жолғы сайлаудың ерекшелігі — саяси науқанға алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасайтын жас сайлаушылардың қатары қалың.
Түркістан облысы бойынша көктемдегі рефрендумнан кейін ҚР Құрылтай депутаттарын сайлау науқанына қатысып, алғаш рет дауыс беретін жастардың саны — 20 292 адамды құрайды. Олардың ішінде 114 азамат дәл 23 тамыз күні кәмелеттік жасқа толып, алғаш рет азаматтық борышын өтемек. Бұл — өңірдегі жастардың саяси белсенділігі мен ел болашағына деген жауапкершілігінің айқын көрінісі.
Жалпы өңірдің демографиялық көрсеткіштері де көңіл қуантарлық. Түркістан облысының жалпы тұрғындар саны 2 146 700 адамға жетсе, оның ішінде 1 204 659 азамат (халықтың 56%-ы) дауыс беру құқығына ие.
Азаматтардың өз таңдауын емін-еркін жасауы үшін облыста 952 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Өңірдегі демографиялық өсім мен жаңа құрылыстардың қарқын алуына байланысты биыл Түркістан қаласында 3 және Сауран ауданында 1 жаңа сайлау учаскесі ашылды. Сонымен қатар қолайлылық үшін 6 учаскенің шекарасы қайта қаралды.
Бүгінгі таңда барлық 952 сайлау учаскесі қажетті материалдық-техникалық базамен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Бұл өз кезегінде сайлаудың ашық, әділ әрі заң талаптарына сай өтуіне толық кепілдік береді.
Previous Post

Нұралхан Көшеров ордабасылық тұрғындармен кездесіп, талап-тілектерін тыңдады

Next Post

Түркістан облысында халықаралық аграрлық жоба жүзеге асырылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz