gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайлау кезінде заң талаптарын сақтайық!

18 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
23 тамыздағы Құрылтай депутаттарының сайлауы Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа кезең
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасына сәйкес сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу және дауыс беру барысында бірқатар әрекеттерге қатаң тыйым салынады. Бұл талаптарды сақтау – сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етудің маңызды шарты.

Үгіт-насихат жүргізуге қатысты тыйымдар

Сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-ден бастап және дауыс беру күні кез келген сайлау алдындағы үгіт-насихатқа тыйым салынады.
Мемлекеттік қызметшілерге, әскери қыз-метшілерге, ҰҚК, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және судьяларға қызметтік өкілеттігін пайдаланып үгіт жүргізуге болмайды.
Сайлаушыларға ақшалай қаражат, сыйлықтар беруге, тауарларды арзандатылған бағамен сатуға, тегін қызмет көрсетуге немесе лотереялар мен акциялар ұйымдастыруға тыйым салынады.
Этносаралық, конфессияаралық және әлеу-меттік араздықты қоздыратын, сондай-ақ мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіретін үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.
Сайлау науқанын қаржыландыру тек үміткер-дің немесе партияның ресми сайлау қоры арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бөтен немесе жасырын көздерден ақша жұмсауға тыйым салынады.
Басқа кандидаттардың немесе партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат таратуға болмайды.

Дауыс беру күні нені білу қажет?

Өзгенің орнына (соның ішінде отбасы мүшелері үшін) дауыс беруге тыйым салынады. Арнайы сенімхатпен дауыс беруге де рұқсат етілмейді («Бір сайлаушы – бір дауыс» принципі).
Дауыс беру құпиялылығын бұзатындықтан, жасырын дауыс беру кабинкасының ішінде фото/видео түсірілім жасауға тыйым салынады.
Сайлаушы алған бюллетеньді сайлау учас-кесінің сыртына алып шығуға болмайды.
Сайлау учаскесінің ішінде және оның кіреберісінде үгіт материалдарын таратуға немесе белгілі бір кандидатқа дауыс беруге шақыруға тыйым салынады.
Тиісті хабарлама жібермей немесе заңда белгіленген талаптарды сақтамай сайлау учаскелерінде немесе ғаламторда сауалнама жүргізуге, сондай-ақ дауыс беру күні учаскеде «Exit poll» ережелерін бұруға тыйым салынады.

Ақпарат тарату кезінде сақ болыңыз

Сайлауға дейінгі 5 күн ішінде және дауыс беру күні қоғамдық пікір сұрау салуларының нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын жариялауға болмайды.
Шығарылым деректері (тиражы, тапсырыс берушісі, басылған жері) көрсетілмеген үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.

Сайлау – әр азаматтың конституциялық құқығын жүзеге асыратын маңызды қоғам-дық процесс. Сондықтан дауыс беру кезінде заң талаптарын сақтау, өзге азаматтардың құқықтарын құрметтеу және жалған ақпарат таратпау – баршамызға ортақ міндет.

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Previous Post

Құрылтай күні Түркістан облысында қоғамдық көліктер тегін қатынайды

Next Post

2026 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында колледждерге 133 мың студент қабылданады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz