gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Балаларды қолдау, мектептердегі тамақтану және жоғары оқу орындарының дайындығы: Олжас Бектенов оқу жылының басталуына қарай тапсырма берді

18 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Балаларды қолдау, мектептердегі тамақтану және жоғары оқу орындарының дайындығы: Олжас Бектенов оқу жылының басталуына қарай тапсырма берді
Share on FacebookShare on Twitter
Үкімет отырысы барысында Премьер-министр мұқтаж отбасыларды мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
«Мемлекеттік қолдауға мұқтаж барлық отбасыларға материалдық және әлеуметтік көмек көрсетілуге тиіс. Ол үшін жергілікті бюджеттерде қажетті қаражат көзделген. Бұл 400 мыңнан астам балаға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Өңір әкімдеріне көмектің шын мәнінде мұқтаж жандарға берілуін қамтамасыз етіп, әрбір нақты жағдай бойынша уақтылы шаралар қабылдауды тапсырамын»,
— деді Олжас Бектенов.
Сонымен қатар Премьер-министр балалардың жан-жақты дамуы мен табысты білім алуы мектептердегі сапалы әрі дұрыс тамақтандыруға да байланысты екенін атап өтті.
«Денсаулық сақтау министрлігі мен өңір әкімдіктері өнімдердің сапасы мен санитариялық нормалардың сақталуын тұрақты бақылауға алсын»,
— деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ оқу жылының басталуына қарай колледждер мен университеттердің инфрақұрылымын, жатақханаларды және оқыту бағдарламаларын талапқа сай дайындауды қамтамасыз ету міндеті қойылды. Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, тамыз айының соңына дейін оқу жылының басталуына толық дайындықты қамтамасыз ету тапсырылды.
Жалпы үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.
Previous Post

2026 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында колледждерге 133 мың студент қабылданады

Next Post

Қазақстанның 2,6 мың шағын жинақты мектебінде ЖИ технологиялары кезең-кезеңмен енгізіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz