Азаматтық қоғамның берік негізі – ел өміріне бей-жай қарамайтын, өз құқықтары мен міндеттерін жақ-сы білетін жауапты азамат. Ал азаматтық ұстаным-ды танытудың маңызды жолдарының бірі – сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау.
23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы – еліміздің саяси өміріндегі ма-ңызды оқиғалардың бірі. Бұл – әр азаматтың өз таңдауын білдіріп, елдің болашағына қатысты азаматтық ұстанымын танытатын маңызды күн.
Сайлау – жай ғана дауыс беру рәсімі емес. Ол – азаматтың конституциялық құқығын жүзеге асырып, мемлекет пен қоғам өміріне тікелей қатысуының нақты мүмкіндігі. Сондықтан әрбір сайлаушының белсенділігі мен жауапкершілігі айрықша мәнге ие.
Кейде «Менің бір дауысымнан не өзгереді?» деген пікір айтылып жатады. Алайда демократиялық қоғамда әр дауыс маңызды. Өйткені сайлау нәтижесі – әр азаматтың таңдауының жиынтығы. Өз дауысын беру арқылы адам өзінің ғана емес, қоғамның да болашағына қатысты ұстанымын білдіреді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қоғам өмірінде орнығып келе жатқан «Заң мен тәртіп» қағидаты – елдегі тұрақтылық пен қоғамдық жауапкершілікті нығайтудың маңызды негізі. Заңға құрметпен қарау, белгіленген тәртіпті сақтау, өзгенің құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарау – өркениетті қоғамның басты белгілерінің бірі.
Бұл қағидат сайлау процесінде де өз көрінісін табуы тиіс. Сайлауға қатысушылар сайлау заңнамасының талаптарын сақтап, белгіленген тәртіпке бағынуы қажет. Әр сайлаушы өз таңдауын ешқандай қысымсыз және еркін жасауға құқылы. Ал өзгелердің таңдауына құрметпен қарау – ортақ мәдениетіміз бен жауапкершілігіміздің көрсеткіші.
Сайлау күні қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау, арандатушылыққа жол бермеу, бір-бірімізге құрметпен қарау – баршамызға ортақ міндет. Себебі маңызды саяси науқанның тыныш әрі ұйымдасқан жағдайда өтуі елдегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың маңызын көрсетеді.
Бірлік пен тұрақтылық – ел дамуының берік тірегі. Сондықтан сайлау барысында әр азамат сабырлылық танытып, өз міндетін жауапкершілікпен орындағаны жөн. Қоғамдық келісімді сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Құрметті Кентау қаласының тұрғындары!
Құрылтай сайлауына қатысу – ел болашағына деген жауапкершілігімізді көрсетудің маңызды қадамы. Өз таңдауымызды жасау арқылы біз азаматтық белсенділігімізді танытып, қоғам өміріне өз үлесімізді қосамыз.
Сондықтан баршаңызды 23 тамыз күні сайлауға белсенді қатысуға шақырамын. Сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауыңызды жасаңыз. Сайлау процесінде заң мен тәртіп талаптарын сақтап, қоғамдық келісім мен бірлікті бірге нығайтайық.
Бекзат Садуов,
Кентау қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы



