gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда 44 сенім білдірілген адам тіркеуден өтті

20 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ұлы даланың ұлы дәстүрі: құрылтай кеше қандай еді, бүгін қандай?
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда сайлау процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуде сенім білдірілген адамдар мен байқаушылардың рөлі ерекше. Олардың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заң талаптары аясында жүзеге асырылады.

Сенім білдірілген адамдар кандидаттың немесе саяси партияның мүддесін білдіреді. Олар сайлау науқаны барысында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, заңда белгіленген тәртіппен дауыс беру барысын бақылай алады. Сонымен қатар олардың қызметіне бірқатар талаптар қойылады. Атап айтқанда, сайлаушыларды сатып алуға, сайлау комиссияларының жұмысына араласуға, көрінеу жалған ақпарат таратуға және өзге кандидаттар мен партиялардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол берілмейді.
Ал байқаушылардың негізгі міндеті – сайлау процесінің заң талаптарына сәйкес өтуін бақылау. Олар сайлау учаскесіне қатысып, дауыс беру барысын, бюллетеньдерді санау және сайлау нәтижелерін анықтау рәсімдерін бақылай алады. Заң бұзушылықтар орын алған жағдайда оларды тіркеуге және белгіленген тәртіппен тиісті органдарға хабарлауға құқылы.
Сонымен бірге байқаушылар дауыс беру құпиясын сақтауға, сайлау учаскесінде үгіт жүргізбеуге және сайлау комиссиясының жұмысына араласпауға міндетті. Яғни бақылау жүргізу құқығы сайлау процесіне кедергі келтіру немесе комиссия мүшелерінің шешімдеріне ықпал ету мүмкіндігін бермейді.
– Сенім білдірілген адамдар мен байқаушылар – сайлау процесіндегі заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ететін негізгі тұлғалардың бірі. Олардың өз құқықтары мен міндеттерін терең түсінуі және заң талаптарын қатаң сақтауы – халықтың сайлау нәтижесіне деген сенімін арттырудың басты кепілі, – деп атап өтті Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Ұлан Шайзада.
Сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуде сенім білдірілген адамдарды тіркеу тәртібінің де маңызы зор. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Түркістан облысының аумақтық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда Кентау қаласы бойынша 44 сенім білдірілген адам тіркелген. Қолданыстағы талаптарға сәйкес, бір сайлау учаскесіне әр партиядан үш адамға дейін сенім білдірілген өкіл тіркеле алады.
Айта кетейік, елімізде ресми тіркелген жеті саяси партия да Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына өздерінің партиялық тізімдерін тіркеген. Бұл сайлау процесіне қатысушылардың заң талаптарын сақтай отырып, өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Сайлаудың әділ әрі ашық өтуі – тек сайлау комиссияларының ғана емес, саяси партиялар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар және сайлаушылардың ортақ жауапкершілігі. Әрбір қатысушының өз құқығы мен міндетін білуі, заң талаптарын сақтауы сайлау нәтижесінің заңдылығы мен қоғамның оған деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Previous Post

«Даму» қоры мобильді фронт-офис арқылы 2,6 мыңнан астам консультация берді

Next Post

«Мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігіне мониторинг: ескертулердің 98,6%-ы орындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz