gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайлау күні 4 инватакси мен 5 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді

19 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Әр сайлаушыға қолайлы жағдай жасалуы тиіс
Share on FacebookShare on Twitter

Сайлау – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз ұстанымын білдіретін маңызды қоғамдық шара. Сондықтан азаматтың денсаулық жағдайы, жүріп-тұру мүмкіндігі немесе басқа да себептер оның сайлау құқығын жүзеге асыруына кедергі болмауы тиіс.

Кентау қаласында алдағы Қазақстан Республикасы Құрыл-тай депутаттарын сайлау кезінде барлық азаматтың дауыс беруіне мүмкіндік жасауға ерекше көңіл бөлінуде. Қаладағы 35 сайлау учаскесінде сайлаушылар үшін қажетті жағдайлар алдын ала қарастырылған.
Әсіресе, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың сайлауға еркін қатысуына басымдық берілген. Бүгінде қала бойынша осындай 1039 сайлаушы тіркелген. Олардың қатарында креслоарбаны пайдаланатын 197 азамат, көру қабілетіне байланысты мүгедектігі бар 238 және есту қабілетіне байланысты ерекше қажеттілігі бар 604 сайлаушы бар.
Бұл азаматтардың сайлау учаскесіне еш кедергісіз жетуі үшін дауыс беру күні 4 инватакси мен 5 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді. Ал сайлау учаскелерінің өзінде тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтардың қозға-лысына қажетті жағдайлар жасалған.
35 учаскенің барлығында жасырын дауыс беруге арналған арнайы кабиналар жабдықталып, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған жеке бұрыштар ұйымдастырылған. Сайлау учаскелері қажетті материалдық-техникалық құралдармен толық қамтылған.
Азаматтың учаскеге келе алмауы да оның таңдау жасауына тосқауыл емес. Денсаулығына немесе өзге де дәлелді себептерге байланысты сайлау учаскесіне бара алмайтын сайлаушы учаскелік сайлау комиссиясына алдын ала өтініш бере алады. Бұл жағдайда комиссия мүшелері тасымалданатын сайлау жәшігімен азаматтың тұрған жеріне барып, дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
– Әрбір азаматтың дауысы – ел бол-ашағына қосылған маңызды үлес. Сайлау – азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Сондықтан әр сайлау-шының өз таңдауын еркін білдіруіне жағдай жасау – біздің басты міндетіміз. Бұл бағыттағы жұмыстар заң талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр, – деді Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бектемір Ибадуллаев.
Сайлау комиссияларының мүшелері де бұл жауапты науқанға тыңғылықты дайындалуда. Олар арнайы оқытудан өтіп, дауыс беру тәртібі мен сайлау заңнамасының талаптарын пыс-ықтады.
Ең бастысы – әр азаматтың таңдауы еркін болуы. Дауыс берудің құпиялығы сақталып, комиссия мүшелері сай-лаушының таңдауына араласпайды.
Осылайша Кентауда дауыс беруге ниетті әр азамат үшін тең мүмкіндік қалыптастыруға бағытталған жұмыс-тар толық жүргізілуде.

Previous Post

Түркістан облысының туристік әлеуеті Малайзияда таныстырылмақ

Next Post

Ішкі саясат саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz