gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда 800-ден астам жас алғаш рет дауыс береді

21 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
23 тамыздағы Құрылтай депутаттарының сайлауы Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа кезең
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде маңызды саяси науқан – Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биылғы сайлаудың ерекшеліктерінің бірі – саяси науқанға алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасайтын жас сайлаушылардың қатарының артуы.

Кентау қаласында көктемгі референдумнан кейін Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлау науқанына қатысып, алғаш рет дауыс беретін жастардың саны 805 адамды құрайды. Олардың ішінде 5 азамат дәл 23 тамыз күні кәмелеттік жасқа толып, алғаш рет дауыс беру құқығын жүзеге асырады.
Бұл – жастардың ел өміріндегі маңызды саяси үдерістерге белсенді араласуға деген қызығушылығының және азаматтық жауапкершілігінің көрінісі. Алғаш рет дауыс беретін әрбір жас үшін бұл күн – өзінің азаматтық ұстанымын білдіретін маңызды сәт.
Кентау қаласында сайлаушылардың өз таңдауын еркін әрі заң талаптарына сәйкес жүзеге асыруы үшін 35 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Қазіргі таңда барлық сайлау учаскесі қажетті материалдық-техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілген.
Сайлау учаскелерінің дайындық деңгейі, азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау және сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.
Жалпы өңірдің демографиялық көрсеткіштері де көңіл қуантарлық. Кентау қаласының аумағында жалпы тұр-ғындар саны 100 000 шамасында болса, оның ішінде 56 756 азамат (халықтың 57%-ы) дауыс беру құқығына ие.
Құрылтай депутаттарын сайлау – елдің саяси дамуындағы маңызды кезең.
Сондықтан алғаш рет дауыс беретін жастардың да, барлық сайлау-шылардың да өз азаматтық таңдауын жасап, сайлау процесіне белсенді қатысуы маңызды.

Previous Post

Сайлаудың заңдылығын қамтамасыз ету – басты міндет

Next Post

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz