gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда құрылтай сайлауы жоғары белсенділікпен өтті

Сайлау күні қала тұрғындары елдің саяси өміріндегі маңызды науқанға белсенді қатысып, азаматтық таңдауын жасады

23 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сайлау учаскесінде садақ ату шарасы ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

23 тамыз – Кентау қаласының тұрғындары үшін есте қаларлық күн болды. Бұл күні елімізде алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп, кентаулықтар өз таңдауын жасау үшін таңғы сағат 07/00-ден бастап сайлау учаскелеріне ағылды.

Қала аумағында дауыс беруді ұйымдастыру үшін 35 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оның 34-і аумақтық негізде құрылса, бір жабық учаске Орталық клиникалық ауруханада орналасты. Барлық учаскеде дауыс беру сағат 07:00-де басталып, 20:00-де аяқталды.

Сайлау күні учаскелерде азаматтардың дауыс беруі үшін қажетті жағдайдың барлығы жасалды. Сайлаушылар жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсетіп, белгіленген тәртіппен бюллетень алып, жасырын дауыс беру кабинасында өз таңдауын жасады.

Кентаулықтардың сайлауға белсенді қатысуы қаладағы №40 сайлау учаскесінде шаңырақ көтерген жас жұбайлардың дауыс беруінен де көрінді. Мирас Ошакбаев пен Аяулым Балтабаева ақ некеге отырған ерекше күнінде сайлау учаскесіне арнайы келіп, азаматтық таңдауын жасады.

Жас жұбайларға сайлау учаскесіндегі үлкендер ақ батасын беріп, жаңа шаңырақтарына бақыт пен береке тіледі. Осылайша, Мирас пен Аяулым үшін 23 тамыз отбасылық өмірге қадам басқан күн ғана емес, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға алғашқылардың бірі болып қатысқан күн ретінде де есте қалды.

Сайлау күні Кентауда тағы бір айтулы оқиға болды. Қалада бір тәулікте 6 сәби – 4 ұл және 2 қыз дүниеге келді. Жаңа туған нәрестелер мен аналардың жағдайы жақсы. Бұл қуанышты жаңалық Құрылтай сайлауымен тұспа-тұс келіп, қала тұрғындарының мерекелік көңіл күйін одан әрі көтерді.

Сайлау күні Кентаудағы Орталық клиникалық ауруханада ем алып жатқан азаматтардың да дауыс беруіне мүмкіндік жасалды. Стационарлық ем қабылдап жатқан науқастар үшін арнайы сайлау учаскесі жұмыс істеп, азаматтар таңғы сағат 07:00-ден бастап өз таңдауларын жасады.

Қала тұрғындарының сайлау учаскелеріне еркін жетуі үшін де жағдай қарастырылды. 23 тамыз – Құрылтай сайлауы күні Кентауда қоғамдық көлік тұрғындарға тегін қызмет көрсетті. Бұл шешім азаматтардың сайлау учаскелеріне кедергісіз барып, дауыс беруіне қолайлы мүмкіндік берді.

Сайлау күні қаладағы мәдени ошақтар да тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлады. Кентау қаласының орталық кітапханасында дауыс берушілер мен оқырмандарға арналған арнайы мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Кітапхана қорынан көрме жасақталып, көркем, тарихи-танымдық және рухани-мәдени бағыттағы әдебиеттер көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен бірге келушілерге арналған концерттік бағдарлама ұсынылып, әсем әндер шырқалды. Мәдени шара тұрғындардың сайлау күнін мазмұнды өткізуіне мүмкіндік берді.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған шаралар да ұйымдастырылды. Мәселен, Кентау қаласындағы №47 сайлау учаскесінде дауыс беруге келген тұрғындар үшін садақ атудан спорттық-мәдени шара өткізілді. Сайлаушылар дауыс бергеннен кейін ұлттық спорттың осы түрінен бақтарын сынап, мергендік қабілеттерін байқап көрді. Бұл бастама ұлттық спортты насихаттап қана қоймай, сайлау күнінің мазмұнын арттыра түсті.

Ал Кентаудағы «Грант» мектебінің түлегі Селма Абдикарим үшін 23 тамыздың орны тіптен бөлек. 2008 жылғы 23 тамызда дүниеге келген Селма дәл Құрылтай сайлауы күні 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс берді.

Туған күніне тұспа-тұс келген сайлауда Селма өзінің алғашқы азаматтық таңдауын жасады. Осылайша, оның кәмелеттік жасқа толған күні мен елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға бір күнге сәйкес келіп, ерекше естелікке айналды.

Жалпы, сайлау учаскелерінде тұрғындардың қауіпсіз әрі еркін дауыс беруіне барлық жағдай жасалды. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға да айрықша көңіл бөлінді. Учаскелер пандустармен, арнайы кабиналармен, Брайль қарпімен жазылған ақпараттық материалдармен және қажетті трафареттермен қамтамасыз етілді.

Сайлау учаскесіне өздігінен келе алмайтын азаматтар үшін үйде дауыс беру ұйымдастырылды. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері арнайы жәшікпен азаматтардың үйлеріне барып, олардың дауыс беру құқықтарын жүзеге асыруына мүмкіндік жасады.

Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын байқаушылар да назарда ұстады. Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері сайлау учаскелеріндегі дауыс беру барысын бақылауға қатысты. БАҚ өкілдері де белгіленген тәртіппен сайлау процесін ақпараттық тұрғыдан жариялады.

Кентаудағы сайлау учаскелерінде таңнан кешке дейінгі аралықта азаматтардың белсенділігі байқалды. Қала тұрғындары өз таңдауын жасап, елдің болашағына қатысты азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Сайлау күні ұйымдастырылған мәдени және спорттық шаралар, жас жұбайлардың дауыс беруі, кәмелеттік жасқа толған азаматтың алғашқы таңдауын жасауы, дүниеге келген сәбилер туралы қуанышты хабар – 23 тамызды Кентау тарихындағы ерекше күндердің біріне айналдырды.

Құрылтай сайлауының басты мәні – әр азаматтың өз таңдауын еркін білдіруінде. Кентаулықтардың сайлау процесіне қатысуы да қоғамның саяси белсенділігінің артып келе жатқанын көрсетті.

Осылайша, Кентауда Құрылтай сайлауы ұйымдасқан түрде өтіп, тұрғындар елдің саяси өміріндегі маңызды науқанға өз үлестерін қосты. Азаматтардың белсенділігі, сайлау учаскелерінің дайындығы және дауыс беру үшін жасалған жағдай – науқанның басты ерекшеліктерінің бірі болды.

Previous Post

Түркістанда Алтын адам бейнесіндегі азамат дауыс берді

Next Post

Жыл басынан бері Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстарға 500 мыңнан астам адам қатысып, 16 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz