gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақтааралда халықаралық маңызы бар автомобиль жолы пайдалануға берілді

25 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мақтааралда халықаралық маңызы бар автомобиль жолы пайдалануға берілді
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында логистикалық әлеуетті арттыратын маңызды жоба жүзеге асты. М-39 «Ташкент – Термез» халықаралық көлік дәлізінің аудан аумағындағы ұзындығы 24,1 шақырым болатын учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталып, жол пайдалануға берілді.
Жаңартылған І санаттағы автожолдың пайдалануға берілуіне арналған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылығы мен жауапты мамандары, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты.
Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары халықаралық маңызы бар жолдың аудан үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Оның айтуынша, көлік дәлізінің жаңартылуы Мақтаарал ауданының транзиттік және логистикалық мүмкіндігін арттырып, тұрғындар мен тасымалдаушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде «ҚазАвтоЖол» өкілдері жолдың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың жоғары деңгейде орындалғанын атап өтті. Жөндеу жұмыстары барысында жолдың жүру бөлігі жаңартылып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті инфрақұрылым жасақталды. Атап айтқанда, жол бойына аялдамалар, заманауи жол белгілері, жарықтандыру жүйесі және тосқауыл қоршаулар орнатылды. Бұл нысандар жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
М-39 «Ташкент – Термез» бағыты Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекаралық байланысты нығайтып қана қоймай, халықаралық транзиттік дәліз ретінде маңызды рөл атқарады. Аталған бағыт арқылы жүк және жолаушылар тасымалы үздіксіз жүзеге асатындықтан, жол инфрақұрылымын жаңғыртудың маңызы зор.
Пайдалануға берілген көлік дәлізі «Целинный» және «Сырдария» шекара өткізу бекеттерінің өткізу қабілетін арттыруға, жүк және жолаушылар тасымалының транзиттік мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Previous Post

Түркістан облысында агросала мен экология бағытындағы жұмыстар жанданады

Next Post

Түркістан облысында 1000 адамды жұмыспен қамтитын және фосфоритті терең өңдейтін заманауи зауыт салынып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz