gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

2026 жылдың 7 айында Түркістан облысында өзіндік кірістер мен түсімдер көлемі ұлғайды

28 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
2026 жылдың 7 айында Түркістан облысында өзіндік кірістер мен түсімдер көлемі ұлғайды
Share on FacebookShare on Twitter
2026 жылдың алғашқы 7 айында Түркістан облысы бюджетінің шығыстары бойынша жоспар 888,9 млрд теңгені құраса, оның 886 млрд теңгесі игеріліп, жоспар 99,7%-ға орындалды. Шығыс жоспарларының орындалуына келсек, 1 тамыздағы көрсеткіш бойынша өңір республикада 3-орынға (99,7%) жайғасты.
Қаржы саласындағы мәселелер өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен биылғы 7 айдағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы мәжілісте талқыланды. Облыс әкімі жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді.
– Бюджет арқылы қаржыландырылған жобалар, берілген несиелер мен субсидиялар экономиканың дамуына жұмыс істеуі қажет. Қаржыны уақтылы әрі сапалы игеруді, кірістер мен түсімдер көлемін ұлғайтуды тапсырамын. «Ауыл аманаты» және өзге де бағдарламалар арқылы бөлінген қаржы жаңа жұмыс орындарын ашуға серпін беруі керек. Өңірде ашылған зауыттар мен кәсіпорындарға тұрғындарды тарту жұмыстарын күшейтіңіздер, – деді Нұралхан Көшеров.
Мәжілісте Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Гүлфари Әжіметованың, сондай-ақ қаржы саласы бойынша индикаторлары орындалмаған аудан, қала әкімдерінің есептері тыңдалды.
Бюджеттің негізгі бөлігін құрайтын кірістерге келетін болсақ, 1 тамыздағы жағдай бойынша облыс бойынша түсімдер жоспары 100,8%-ға орындалды. Яғни жоспардан 7,2 млрд теңге артық түсім қамтамасыз етілді. Оның ішінде өзіндік кірістер жоспары 103,9%-ға, субвенциялар, бюджеттік кредиттер және республикалық бюджет есебінен нысаналы трансферттердің жоспары толық көлемде, яғни 100%-ға орындалды. Қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер бойынша бюджетке жоспардан тыс 37,5 млн теңге түсті.
Өзіндік кірістердің нақты түсімі 182,2 млрд теңгені құрап, жоспар 6,8 млрд теңгеге артығымен орындалды. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өзіндік кірістердің түсімі 19,3 млрд теңгеге немесе 11,8%-ға артты.
Previous Post

СОЗАҚТА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Next Post

Кентауда Сақ Мәуленқұловтың 100 жылдығына арналған конференция өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz