gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Қазсушарды» трансформациялау шығындарды толық жоюға мүмкіндік берді

31 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Қазсушарды» трансформациялау шығындарды толық жоюға мүмкіндік берді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесін реформалау бойынша жұмыс жүргізді. Оның ішінде саланың негізгі кәсіпорындарын «қайта жаңғырту», сондай-ақ бүкіл саланың материалдық-техникалық базасы мен кадрлық әлеуетін күшейту шаралары қолға алынды.
Атап айтқанда, «Нұра топтық су құбыры» РМК «Қазсушар» РМК-мен біріктірілді. Сонымен қатар кәсіпорынның бейінді емес активтерін, оның ішінде топтық су құбырларын коммуналдық меншікке беру жөніндегі Жол картасы бекітіліп, іске асырылып жатыр.
Бұдан бөлек, «Қазсушар» РМК жарғылық қызмет түрлерін кеңейту жұмыстарын қолға алды. Ал ашықтықты арттыру мақсатында жыл басынан бері кәсіпорында суару суы үшін қолма-қол төлем жасау толығымен тоқтатылды. 2026 жылы су тұтынушылармен жасалатын барлық шарт жаңа биллинг жүйесі арқылы электронды форматта жасалады.
Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде кәсіпорын шығындарды толық жойып, өткен жылды пайдамен аяқтады. Дебиторлық берешек 90%-ға азайды.
«Қазсушар» РМК-ны реформалау бизнес-процестерді қайта құру мен автоматтандыруды, филиалдардың қызметін жоспарлау және тиімділігін бағалау жүйесін қалыптастыруды, кіріс пен шығысты басқаруды орталықтандыруды, жобалық басқару қағидаттарын енгізуді және жарғылық қызмет түрлерін кеңейтуді қамтиды. Сонымен қатар кәсіпорынның техникалық паркі жаңартылып жатыр. Былтырдың қорытындысы бойынша техника паркінің 27%-ы жаңартылды», — деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов.

Previous Post

Кентауда Сақ Мәуленқұловтың 100 жылдығына арналған конференция өтті

Next Post

Әпкелердің әдемі әлемі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz