gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Алматыда Түркістан облысы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

31 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Алматыда Түркістан облысы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Алматыда Түркістан облысының еңбекқор диқандары мен шаруаларының қатысуымен өңірлік ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең көлемді жәрмеңкесі өтті. Шаһар тұрғындары мен қонақтары оңтүстік өңірден тікелей жеткізілген табиғи, сапалы әрі экологиялық таза өнімдерді тиімді бағада сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Оның ішінде 23 тонна жылқы еті, 21,5 тонна қой еті, 20 тонна сиыр еті, 5 тонна түйе еті, 15 тонна шұжық өнімдері, 24 тоннадан қызанақ пен қияр, 23 тонна қарбыз, 26,5 тонна пияз, 23,5 тонна сәбіз, 22 тонна болгар бұрышы, 21 тонна баклажан және өзге де жеміс-жидектері жіберілді.
Игі іс-шараның басты мақсаты – арадағы алыпсатарларды шектеп, шаруаларға өз өнімдерін тікелей сатуға жағдай жасау, сондай-ақ мегаполис тұрғындарын арзан әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету.
Бұл бастама өңіраралық экономикалық ынтымақтастықты арттырып, отандық өндірушілерге жаңа өткізу нарықтарын ашуға және қала бағасын тұрақтандыруға зор серпін берді.
Айта кету керек, Түркістан облысы – еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруден көшбасшы өңірлердің бірі. Жыл басынан бері облыстың агроөнеркәсіп кешені 450 миллиард теңгеден астам өнім өндірген. Алматыдағы бұл жәрмеңке де оңтүстіктің мол әлеуетін көрсетіп, шаруаларға серпін берді.
Previous Post

Әпкелердің әдемі әлемі

Next Post

Түркістан облысында 29 шағын өндірістік парк құрылып, 114 жоба іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz