gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағына арналған жиын өтті

4 сентября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағына арналған жиын өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабын таныстыруға арналған дөңгелек үстел өтті.

Жиынның мақсаты – Мемлекет басшысының қоғамдық-саяси көзқарастары мен ел дамуының өзекті бағыттарын қамтитын еңбектің мазмұнын талқылау, кітапта көтерілген мәселелердің қазіргі қоғам үшін маңызын саралау. Басқосуға ардагерлер мен мемлекеттік басқару, білім, ғылым, мәдениет, құқық, жастар саясаты және қоғамдық саланың өкілдері, зиялы қауым, ақын-жазушылар, оқытушылар мен жас ғалымдар қатысты.

Айта кетейік, «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» – Президенттің мемлекет, қоғам және азамат туралы ойларының сабақтастығын көрсететін жинақ. Бұл кітапта Мемлекет басшысының 30 жылдан астам уақыт ішінде қалыптасқан саяси және азаматтық ұстанымдары, мемлекет басқару тәжірибесі, ұлттық құндылықтар мен қоғам дамуына қатысты пайымдары жинақталған.

Жиын модераторы, университет ректор Жанар Темірбекова өз сөзінде: «Бүгінгі басқосу – кітапты көпшілікке таныстырумен ғана шектелетін шара емес. Бұл – еліміздің бүгіні мен болашағына қатысты мемлекеттік ұстанымдарды, қоғамдық құндылықтарды және әр азаматтың жауапкершілігін тереңірек зерделеуге мүмкіндік беретін маңызды пікір алаңы. Алдарыңыздағы кітапта Мемлекет басшысының тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері отандық және халықаралық жиындарда, қоғамдық кездесулерде айтқан таңдамалы сөздері, мақалалары мен сұхбаттарында, сондай-ақ еңбектерінде көрініс тапқан ой-тұжырымдары жинақталған. Отыз бес жылға жуық кезеңді қамтитын бұл материалдар Президенттің мемлекетшілдік ұстанымын, саяси тәжірибесін және ел дамуына қатысты көзқарасының қалыптасу жолын танытады», — деді.

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің Төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов: «Кейбір кітап адамға ақпарат берсе, кейбірі білім береді. Енді бірі адамның ойлау бағытын айқындап, қоғамның қайда бет алуы керек екені жөнінде бағдар береді. Президентіміз «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабында жоғарыда айтып өткен үш бағытты да беріп отыр. Кітапта біртұтас мемлекетшілдік пен дүниетаным жатыр. Кітаптың өзі 21 тақырыпқа бөлінген. Әр бөлімде әділетті, қуатты, жауапкершілігі жоғары Қазақстанды қалыптастыру идеясы жан-жақты қарастырылған»,-деді.

Дөңгелек үстелде Филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Бекжігіт Сердәлі «Ұлт сапасы, мемлекеттік басқару, ғылым мен білім, мәдениет және руханият туралы пайымдар» тақырыбында, ал Облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Нариман Мархабаев «Жастарға арналған ойлар: білім, еңбек, жауапкершілік және болашақ» жөнінде баяндама оқыды. «Әділет» партиясы жанындағы Жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Еркебұлан Мадиярұлы да өзінің өткір ойын ортаға салды. Жиын соңында қатысушылар кітапта қамтылған ой-тұжырымдардың бүгінгі қоғам үшін өзекті екенін атап өтті.

Previous Post

Түркістандық өнерпаздар Грузия көрермендерін тәнті етті

Next Post

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz