gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жамбыл облысында 438 келі қарасора өсірген күдікті ұсталды

14 сентября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жамбыл облысында 438 келі қарасора өсірген күдікті ұсталды
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысында арнайы операция барысында 438 келі қарасора тәркіленіп, есірткі өсірді деген күдікпен Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы операция «Қарасора – 2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қатысуымен жүргізілген.

Өңірдің құмды алқапқа жақын аумағынан автономды электр қуатымен және суару жүйесімен жабдықталған жасырын есірткі алқабы анықталды. Онда үнді қарасорасы өсірілген.

Жасырын алқапты анықтау үшін әуе барлауы жүргізіліп, ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылған. Полиция мәліметінше, жедел қызметкерлердің үйлесімді іс-қимылы нәтижесінде күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Ол – бұрын бірнеше рет сотталған Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны.

– Күдікті құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өңдеп, кейін оларды басқа өңірлерге апарып, көтерме бағамен сатуды көздеген. Тінту барысында жалпы салмағы 438 келі болатын, биіктігі екі метрден асатын 50 түп қарасора, қаптама материалдары және арнайы агротехникалық жабдықтар тәркіленді, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар жедел қызметкерлер сериялық нөмірі өшірілген, оқ-дәрілері бар Макаров тапаншасын анықтаған. Бұдан бөлек, 12 калибрлі «Байкал» мылтығы мен оның оқ-дәрілері, сондай-ақ есірткі тасымалдауға пайдаланылған жол талғамайтын көлік тәркіленді.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300 және 287-баптары бойынша құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру және қаруды заңсыз сақтау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Полиция мәліметінше, күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта есірткінің заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін өзге де адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жалғасып жатыр.

Tags: есірткіжамбылжамбыл облысыполициятаразқарасора
Previous Post

Мақтадан дайын өнімге дейін: Түркістанда джинс матасын өндіретін жаңа кәсіпорын іске қосылмақ

Next Post

«Заң мен тәртіп» – қоғам қауіпсіздігінің негізі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz