Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында құрылған мобильді топ Келес ауданында рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Рейд барысында саябақтар, скверлер, жағалау аймақтары, демалыс орындары және халық көп шоғырланатын қоғамдық аумақтар тексеріліп, тазалық талаптарын бұзудың 18 фактісі анықталды.
Сонымен қатар қоғамдық орындарда, демалыс аумақтарында, саябақтар мен базар аумақтарында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес 23 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Одан бөлек, тұрғындарға қоғамдық орындарда тазалықты және қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Түркістан облысында аталған бағыттағы рейдтік және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.



