gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан музыкалық драма театрының VI маусымы ашылды

15 сентября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан музыкалық драма театрының VI маусымы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан музыкалық драма театры VI маусымының шымылдығын түрді. Жаңа маусым көрерменнің ықыласына бөленген «МузАРТ» қойылымымен ашылды.
«МузАРТ» – қазақ музыка өнерінің бір дәуірін айшықтап, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген аңыз топтың қалыптасу жолын өрнектейтін музыкалық-драмалық спектакль.
Театрдың «МузАРТ», «Келіндер көтерілісі» секілді қойылымдары төл сахнада ғана емес, Астана, Алматы, Қызылорда, Шымкент сахналарында қойылып, аншлагпен өтті. Сонымен қатар театр ұжымы тамыз айында Грузия елінде Абайдың «Қара сөзі» негізінде құрылған «Абай. Қарасөз» пластикалық спектаклін қойған болатын. Мәскеуде өткен өнер фестивалінде театр актерлері үздік деп танылып, бірнеше жүлдемен оралды.
Мұндай өнер іссапарлары аясында ел мен елдің, ұлт пен ұлттың арасындағы мәдени байланыс, достық қарым-қатынасты арттыра түсетіні белгілі. Осы бағытта Түркістан музыкалық драма театры алдағы уақытта да халықаралық серіктестікті кеңейтіп, жаңа шығармашылық жобаларды жүзеге асыруды мақсат етіп отыр.
Театр ашылған күннен бері 17 спектакль сахналанды. Олардың қатарында елдің ерекше ықыласына бөленген «Бөрте», «Махаббат мұнарасы», «Мағжан», «Келіндер көтерілісі», «Вальс королі», «Бекзат», «Пейіш», секілді сүйекті қойылымдар бар.
Айта кетсек, VI маусымда да театр ұжымы көрерменге жаңа шығармашылық жобалар ұсынуды жоспарлап отыр. Алдағы айда жаңа спектакльдің премьерасы өтіп, театрсүйер қауымға кезекті тосынсый жасалмақ.
Tags: маусымМәдениеттеатрТүркістан
Previous Post

«Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Next Post

Түркістан полициясында заңдылық пен адалдық мәселелері талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz