Кентау қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілер арасында жедел қызмет көліктеріне жол беру мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Қызметтік автокөлікке жол бер!» акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шара 102 жедел қызметімен бірлесіп өткізілді. Акция барысында жүргізушілерге өрт сөндіру, полиция және басқа да жедел қызмет көліктеріне кедергісіз жол беру, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және төтенше жағдай кезінде арнайы қызмет көліктерінің жедел жетуіне жағдай жасау қажеттігі түсіндірілді.
Жедел қызмет көліктері оқиға орнына уақытылы жетуі үшін әрбір секундтың маңызы зор. Сондықтан жолда арнайы дыбыстық және жарық сигналдарын қосып келе жатқан көлікке жол беру жол қозғалысы ережесін сақтау ғана емес, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін маңызды жауапкершілік.
Жедел қызмет көлігіне жол беріңіз – адам өміріне жол беріңіз!



