gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақша ән шырқаған Куба әншісі «Voice of Turan – 2026» жеңімпазы атанды

28 сентября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қазақша ән шырқаған Куба әншісі «Voice of Turan – 2026» жеңімпазы атанды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістанда халықаралық «Voice of Turan – 2026» қазақ әндері фестивалі өз мәресіне жетті. Екі күн бойы әлемнің 20-ға жуық елінен келген қатысушылар бақ сынап, қазақ ән өнерінің таңдаулы туындыларын шырқады. Байқау қорытындысы бойынша Куба Республикасынан келген талантты әнші Диана Тарин фестивальдің бас жүлдесіне ие болды.
Фестивальға Франция, Испания, Италия, Сан-Марино, Тунис, Венесуэла, Индонезия, Ватикан, Беларусь, Болгария, Тыва, Грузия, Армения, Мексика, Марокко, Куба, Гвинея, Қарачай Республикасы, Башқұртстан және Бразилиядан келген өнерпаздар қатысты. Олар Түркістан аспанын әнге бөлеп қана қоймай, қазақ әнінің құдіретін жаhан жұртшылығына танытты.
Байқауға еліміздің белгілі өнер майталмандары мен композиторлар, эстрада жұлдыздары қатысып, қатысушылардың өнерін бағалады. Атап айтқанда, Төлеген Мұхаммеджанов, Нұржамал Үсенбаева, Бағлан Омаров, Гүлнұр Оразымбетова, Құрмаш Махан, Жұбаныш Жексенұлы және Мейіржан Алиакбаров болды.
Байқау қорытындысына сәйкес, барлық қатысушыға белсенді қатысқаны үшін арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Қазылар алқасының шешімімен кубалық әнші Диана Тарин Гран-при иегері атанды. Ал 1-орын Болгариядан келген Александра Георгиеваға бұйырды. Жүлделі 2-орынды Сан-Маринодан келген Мариям Танкреди мен Беларусь әншісі Виталий Дроб иеленді. Үшінші орын Мексикадан келген София Менесес пен Тыва Республикасының өкілі Аржаана Стал-оолға бұйырды. Нурдөөлөт Деркембаев (Қырғызстан), Оран (Франция), Марта Dереккия (Италия), МАЖД (Тунис), Рара Сити Рахмавати (Индонезия), МАРИЦА ТИЛИКЯН (Армения) байқаудың арнайы дипломанты атанды. Ал Венесуэладан келген Луис Эрнесто Хил «Ең үздік аранжировка» жүлдесімен марапатталды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Салтанатты іс-шара барысында жобаның бас продюсері Мейіржан Алиакбаровқа Тыва Республикасы Мәдениет министрінің атынан арнайы алғыс хат табысталды.
Айта кетейік, бүгін, 28 қыркүйек күні «Voice of Turan» байқауы аясында «Zhibek zholy әуендері» атты гала-концерт өтеді. Кеште Қырғызстанның танымал әншілері Jax және Дастан Кенчинбаев, Әзірбайжан елінен Нармин, Башқұртстаннан Зайнетдин, тывалық Сайзана Сюрюн, Қарақалпақстаннан Алишер Байниязов, Өбекстаннан Ozoda Nursaidova өнер көрсетеді.
Previous Post

Оксфорд университетінің студенттері қазақ тілін үйрену үшін Түркістанға келді

Next Post

Түркістан облысында қоғамдық-саяси ахуал бойынша кезекті отырыс өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz