gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда қала күніне арналған жүгіру марафоны өтті

2 октября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда қала күніне арналған жүгіру марафоны өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласының “Қала күніне” арналған жүгіру марафоны өтті. Салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жарысқа 14 жастан жоғары 500-ге жуық тұрғын қатысты.
Марафон қатысушылары қаладағы Д.Қонаев көшесі бойымен 3 шақырым қашықтықты жүгіріп өтіп, жарыстың мәресіне Ынтымақ алаңында жетті. Қатысушылар бүкіл қашықтық бойында өздерінің шапшаңдығы мен ептілігін, күш-жігері мен төзімділігін көрсетті.
Жарысқа Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қатысып, марафонға келген спортшыларға қолдау білдірді. Қала әкімі белсенділік танытып, спорттық шараға қатысқан тұрғындарға алғыс айтып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша жас санаттары бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар анықталып, оларға марапаттар мен алғыс хаттар табысталды.
Марафон қала тұрғындарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бұқаралық шаралардың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.
Previous Post

Кентауда қала күніне орай теннистен республикалық ашық турнир басталды

Next Post

«Таза Қазақстан»: Түлкібас ауданында тазалық талаптарын бұзудың 37 фактісі анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz