gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған деректі фильмдер таныстырылды

15 октября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған деректі фильмдер таныстырылды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласындағы «Turan Mall» сауда және ойын-сауық орталығында экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, қоғамның қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан азаматтардың рухына тағзым етуге арналған деректі фильмдердің таныстырылымы өтті.
Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ жанындағы «Күлтөбе» медиа студиясы дайындаған «Тағдырды талқандаған – терроризм» және «Қаралы күннің қаһарманы» атты екі деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғат Мелдешов, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, діни бірлестік өкілдері мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Іс-шара барысында Ақтөбе қаласында болған террористік акт кезінде ерлікпен қаза тапқан сарбаз Досбол Сапар және Алматы қаласында лаңкестік оқиға кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматуллаев ерлігі мен өмір жолы баяндалды.
Деректі фильмдерде терроризмнің адам өміріне, отбасы тағдырына және қоғам қауіпсіздігіне тигізетін ауыр зардаптары көрсетіліп, қызметтік борышына адалдық танытқан азаматтардың ерлігі дәріптелді.
Таныстырылым барысында қаза тапқан азаматтардың ата-аналары естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ ҚР Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімінің басшысы Төлеген Шыныбеков пен Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаев сөз сөйлеп, ерлік пен отансүйгіштіктің маңызына тоқталды. Батырлардың ата-аналарына құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – экстремизм мен терроризмнің қауіпті салдарын көпшілікке түсіндіру, әсіресе жастардың бойында радикалды идеологияларға қарсы көзқарасты қалыптастыру, сондай-ақ ел тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігі жолында жанын қиған азаматтардың ерлігін ұлықтау.
Аталған деректі фильмдер қоғамда бейбітшілікпен тұрақтылық құндылықтарын нығайтуға, терроризмге қарсы қоғамдық сананы қалыптастыруға және ерлік көрсеткен азаматтардың есімін ұрпақ жадында сақтауға бағытталған.
Previous Post

«Армандар орындалады» әлеуметтік жобасы жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz