gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «құтқарушылар аллеясы» ашылды

19 октября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда «құтқарушылар аллеясы» ашылды
Share on FacebookShare on Twitter
19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Түркістан қаласында «Құтқарушылар аллеясының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа аллея – адам өмірін сақтап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген құтқарушыларға көрсетілген құрметтің белгісі.
Мерекелік жиынға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Бағдат Чайзада, департамент ардагерлер ұйымының төрағасы Сұлтанғали Смайлов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.
Салтанатты іс-шара барысында Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы мен қала әкімі құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қажырлы еңбегіне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, кәсіби міндетін мінсіз атқарып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкер мен сала ардагерін марапаттады.
Қазіргі таңда Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында 150 қызметкер еңбек етеді. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жұмыстарына 30 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
Жаңа аллея құтқарушылардың қоғам алдындағы еңбегін дәріптейтін, ерлік пен жауапкершіліктің мәнін айшықтайтын орынға айналмақ.
Previous Post

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Асарлату» іс-шарасы өткізілді

Next Post

Түркістан облысында Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара ұйымдастырылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz