Қазақстанда жергілікті өкілді билік жүйесін жаңғыртуға бағыт-талған ауқымды саяси науқан басталып, елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетіні ресми түр-де жарияланды. Бұл қадам – елдегі мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай жетілдірудің маңызды қорытынды кезеңдерінің бірі.
Сайлаудың негізгі мерзімдері мен күнтізбесі
Мемлекет басшысының барлық де-ңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығынан кейін, Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың нақты күнін бекітті:
* Дауыс беру күні: 2026 жылғы 29 қараша.
* Кандидаттарды ұсыну: 14 қазанда басталып, 27 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады.
* Кандидаттарды тіркеу: 1 қарашаға дейін жүргізіледі.
* Үгіт-насихат жұмыстары: Тіркеу аяқ-талғаннан кейін басталып, дауыс беруге бір күн қалғанда – 28 қарашада «тыныштық күнімен» аяқталады.
* Қорытындысын шығару: Сайлау нәтижелері 3 желтоқсаннан кешіктірілмей жариялануға тиіс.
Алдағы сайлаудың ауқымы
Алдағы сайлау науқаны барысында республика бойынша 228 мәслихаттың құрамы түгелдей жаңарып, барлығы 3447 депутаттық мандат сарапқа салынады.
Конституцияға сәйкес, мәслихат депутаттары тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің тұрғындары тарапынан жал-пыға бірдей, тең, тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланады.
Жергілікті өкілді биліктің маңызы
Мәслихаттар мен әкімдіктердің жұ-мысы өзара үйлесімділікке негізделгенімен, олардың атқаратын функциялары бөлек:
* Әкімдік – жергілікті атқарушы орган ретінде мемлекеттік саясатты жүзеге асырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етеді.
* Мәслихат – халықтың мүддесін қорғайтын, аймақтық бюджет пен бағ-дарламаларды бекітетін және олардың орындалуын қатаң бақылауға алатын өкілді орган.
Ауылдарды таза ауызсумен қамту, сапалы медициналық қызметтің қол-жетімділігі, жергілікті жолдарды жөн-деу сияқты өзекті мәселелер тікелей депутаттардың бақылауында болады. Сондықтан бұл сайлау өңірлердің алдағы бес жылдағы даму бағытын айқындауда шешуші рөл атқармақ.
Б. Ө Ибадуллаев,
Кентау қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары



