gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында бір аптада 4 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

29 октября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында бір аптада 4 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында «Нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру мақсатында бір аптада 4 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау, сондай-ақ жүргізушілердің тәртібін қадағалау бағытында жұмыстар жүргізді.
Атап айтқанда бағдаршамның тыйым салынған түсінен өту бойынша 282 дерек тіркелді.
Қарсы бағытқа шыққан 25 жүргізуші анықталды. Мас халде көлік құралын басқарған 31 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге жол бермеген 172 жүргізуші анықталды.
Анықталған құқық бұзушылықтардың әрқайсысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Сонымен бірге қоғамдық тәртіпті сақтау, вандализм фактілерінің алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ түнгі уақытта ұйымдастырылатын заңсыз автожарыстарға тосқауыл қою бағытында тиісті жұмыстар атқарылды.
Бұдан бөлек облыс аумағында тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуына бақылау жүргізілді.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, жол-көлік оқиғаларына жол бермеу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік – баршаға ортақ жауапкершілік.

Previous Post

Түркістанда полицейлер нөмірсіз жүрген көлікті камераның көмегімен ұстады

Next Post

Айыптұрақтан сотқа дейін: полиция капитанының бір күні

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz