gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – қоғамның тұрақтылығының негізгі кепілі

3 ноября, 2026
in Қоғам
0
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – қоғамның тұрақтылығының негізгі кепілі
Share on FacebookShare on Twitter

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – барлық елдер үшін маңызды мәселе болып табылады. Оның тамыры тереңде жатқандықтан, қоғамға тигізер зияны да орасан зор және елдің дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан оны жою тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болып табылады.

Жемқорлықты жою үшін ең алдымен азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыру қажет. Ол үшін мектептен бастап құқықтық білім беріп, отбасында да  балаға оның құқықтары мен жауапкершілігін түсіндіру маңызды. Көп жағдайда құқықтық сауаттың төмендігі мен заң талаптарын білмеу салдарынан адамдар мәселені пара арқылы шешуге тырысады. Бұл әрекет пара беруші мен алушының заңды бұзуына әкеліп, қоғамның дамуын тежейді.

Жемқорлықтың негізгі себептерінің бірі – білім деңгейінің және әдептілік құндылықтардың төмендігі. Жемқорлықтың алдын алуда азаматтардың құқықтық санасының жоғары болуы шешуші рөл атқарады. Қазақстанда соңғы жылдары халықаралық тәжірибе енгізіліп, цифрландыру мен ашықтықты арттыру арқылы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күшейтілуде.

Жемқорлықты азайту – бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстану арқылы ғана тұрақты әрі дамыған мемлекет қалыптастыруға болады. Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін оның негізгі қағидаларын сақтау мен жүйелі шараларды жүзеге асыру аса маңызды. Әрбір адам адалдықты басты қағида етіп ұстанса, қоғамда жемқорлықтың деңгейін төмендетуге болады. Сондықтан бұл күрес – баршаға ортақ міндет деп санаймын.

О.Усманов,

Кентау қалалық экономика және қаржы бөлімі, экономикалық

және бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы

Previous Post

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Next Post

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылым жаңғырады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz