Сыбайлас жемқорлық – кез келген қоғамның дамуына кері әсер ететін күрделі әлеуметтік мәселе. Ол әділдікті бұзып, заң үстемдігіне нұқсан келтіреді және халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін төмендетеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір ел үшін басты басымдықтардың бірі болып табылады.
Жемқорлықтың пайда болуына түрлі факторлар әсер етеді. Олардың қатарында құқықтық сауаттылықтың төмендігі, жеке пайдаға ұмтылу сияқты себептер бар. Көп жағдайда адамдар мәселені заңды жолмен емес, жеңіл жолмен шешуге тырысып, пара беру немесе алу әрекеттеріне барады. Бұл өз кезегінде қоғамда теріс әдеттің қалыптасуына әкеледі.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек жазалау шараларымен шектелмеуі тиіс. Ең алдымен оның алдын алу маңызды. Ол үшін мемлекеттік басқаруда ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету, цифрландыруды дамыту, қоғамдық бақылауды күшейту қажет. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, әсіресе жас ұрпаққа адалдық пен әділдік құндылықтарын сіңіру үлкен рөл атқарады.
Қазіргі таңда көптеген елдер сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясат жүргізіп, халықаралық тәжірибелерді енгізуде. Бұл бағытта заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және халықпен кері байланысты нығайту маңызды қадамдар болып табылады.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарап, адалдықты басты қағида ретінде ұстанса, жемқорлықсыз, әділетті қоғам қалыптастыруға толық мүмкіндік бар деп ойлаймын.
Ж.Адыршаева,
Кентау қалалық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы



