gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысын аяқтауға 1,2 млрд теңге бөлінді

20 ноября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысын аяқтауға 1,2 млрд теңге бөлінді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында су ресурстарының тапшылығы, оны тиімді басқару және су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту мәселелеріне айрықша назар аударып келеді. Президент су қауіпсіздігін қамтамасыз етуді елдің тұрақты дамуы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар міндеттердің бірі ретінде айқындады. Осы бағытта су қорын сақтау, жаңа су қоймаларын салу, қолданыстағы гидротехникалық нысандарды жаңғырту және су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Бұл ретте Түркістан облысында да су ресурстарын тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығы алқаптарын тұрақты сумен қамтамасыз ету бағытында бірқатар ірі инфрақұрылымдық жоба қолға алынған. Соның бірі – «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы. Нысандағы жұмыстарды аяқтауға Инфрақұрылымдық даму қоры есебінен 1,2 млрд теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

Жобалық сыйымдылығы 68 млн текше метр болатын су қоймасының жалпы аумағы 680 гектарды құрайды. Нысанның басты мақсаты – көктемгі су тасқыны кезінде өзен суларын жинақтап, оны ауыл шаруашылығы үшін аса қажетті вегетациялық кезеңде тиімді пайдалану. Сонымен қатар жиналған су көлемі қолданыстағы «Бөген» су қоймасына қосымша су жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша, су қорын маусымдық қажеттілікке қарай реттеп, егіншілік кезеңінде суға сұранысы артатын шаруашылықтарды тұрақты сумен қамтуға жағдай жасалады.

Жоба толық іске қосылғаннан кейін 9,7 мың гектар жерді қосымша су көлемімен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Бұл, әсіресе, суармалы егіншілікпен айналысатын шаруашылықтар үшін маңызды. Өйткені су тапшылығы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі мен сапасына тікелей әсер етеді. Жаңа су қоймасы су жеткізу мүмкіндігін арттырып, егіс алқаптарының өнімділігін көтеруге, шаруалардың еңбек нәтижесін жақсартуға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Түркістан облысы еліміздегі ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған өңірлердің бірі саналады. 2026 жылы облыстағы жалпы егіс алқабы 911,4 мың гектарды құрады. Оның ішінде 325,4 мың гектарға дәнді дақылдар, 98,3 мың гектарға майлы дақылдар, 91,6 мың гектарға көкөніс және бақша дақылдары, 8,6 мың гектарға картоп, 173,6 мың гектарға мақта, 213,1 мың гектарға мал азықтық дақылдар егілген. Ал өңірдегі суармалы жерлердің жалпы көлемі 573 мың гектарға жетеді. Бұл көрсеткіштер облыс үшін су ресурстарының қаншалықты маңызды екенін аңғартады.

Сондықтан өңірде су қорын молайту және оны тиімді басқару мақсатында суару каналдарын реконструкциялау, жаңа су қоймаларын салу, қолданыстағы гидротехникалық нысандарды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мұндай жобалар су шығынын азайтып, суармалы жерлердің әлеуетін арттыруға және ауыл шаруашылығы айналымына жаңа алқаптарды қосуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар су ресурстарын ұтымды пайдаланудың маңызды тетігі – су үнемдеу технологияларын енгізу. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде тамшылатып және жаңбырлатып суару секілді заманауи технологиялар қолданылатын алқаптардың көлемін жыл сайын 150 мың гектарға ұлғайту міндеті қойылған. 2026 жылы бұл көрсеткіш 702,3 мың гектарды құрады. Ал 2030 жылға қарай су үнемдеу технологиялары енгізілген жер көлемін 1 млн 362 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, су ресурстарына түсетін жүктемені төмендету үшін егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары да қолға алынған. Бұл бағытта суды көп қажет ететін дақылдардың үлесін қысқартып, климаттық және су ресурстарының ерекшеліктеріне бейімделген дақылдарды өсіруге басымдық берілуде.

Жалпы, «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы – өңірдің су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытудағы маңызды жобалардың бірі. Оның іске қосылуы су қорын тиімді пайдалануға, ауыл шаруашылығы алқаптарын тұрақты сумен қамтамасыз етуге және Түркістан облысының аграрлық әлеуетін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Previous Post

Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысындағы ірі энергетикалық нысанды уақтылы пайдалануға беруді тапсырды

Next Post

Түркістан облысында әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандар жаңартылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz