Асқар Бегдәулетұлы Әбубәкіров Түркістан облысының Туризм басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
Асқар Бегдәулетұлының жалпы еңбек өтілі 20 жылдан асады. Соның ішінде 11 жылдан астам уақыт басшылық қызметтерде еңбек еткен.
2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша үздік бітірді. Шет тілдерін еркін меңгерген.
Еңбек жолын 2004 жылы «Қазагромаркетинг» АҚ-да бастады. Аталған ұлттық компанияда жетекші маманнан бастап, бас маман, бас менеджер, Сыртқы экономикалық қызмет департаментінің директоры және жоба директоры қызметтерін атқарды.
2010–2011 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында бизнесті мемлекеттік қолдау бөлімінің басшысы, 2011–2012 жылдары «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Маркетинг департаментінің директоры болды.
2012–2013 жылдары облыс әкімдігі жанындағы еліміздегі тұңғыш «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарды.
2013–2021 жылдары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүйесінде бірқатар басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы және Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры, Бизнесті сервистік қолдау департаментінің директоры, Адами капиталды дамыту департаментінің директоры, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары және «Менің Атамекенім» қорының креативті директоры болды.
2021–2022 жылдары «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, 2022–2023 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Бәсекелестік ортаны зерттеу орталығының жоба менеджері қызметтерін атқарды.
2023–2025 жылдары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында HR департаменті директорының орынбасары әрі «One Village – One Product» халықаралық жобасының маркетинг тобының жетекшісі болды.
2025–2026 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасы жанындағы «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ вице-президенті қызметін атқарды.
2026 жылғы қаңтардан бастап осы тағайындауға дейін «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы» ЖШС бас директоры болды.



