gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» кітап-альбомының таныстырылымы өтті

25 ноября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда «Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» кітап-альбомының таныстырылымы өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында» «Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» атты бірегей кітап-альбомның таныстырылымы өтті. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген басылымды «Алматыкітап баспасы» құрылтайшысы Элеонора Баталованың басшылығымен әзірлеген.
Тағылымды кездесуге «Алматыкітап баспасының» президенті Гаухар Саймасаева, Әбілхан Қастеевтің немересі, кітаптың иллюстраторы, суретші Дәурен Қастеев ұстаздар мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Гаухар Айтжанқызы төрт жылдық шығармашылық ізденістің нәтижесінде жарық көрген туындының дайындалу барысы, тарихи деректер менфотоматериалдардың жинақталуы туралы әңгімеледі.
Кітап-альбомға Дәурен Қастеевтің «Рәбия Бегім» және «Ұлы Әмір Темірдің Отырардағы соңғы күні» картиналары енген. Кездесуде суретші тарихи тұлғалардың бейнесін сомдаудағы ізденісі мен туындыларының мазмұны жайлы бөлісті.
Бұл жүздесу Түркістанның бай мұрасын кітап пен өнер арқылы танытып, кітап оқуға қызығушылықты арттырған мазмұнды шара болды.
Айта кетейік, кітап – төрт жылға созылған зерттеу мен шығармашылық еңбектің нәтижесі. Басылымға Қазақстан, Ұлыбритания, Франция, Ресей және Армения музейлерінен жинақталған сирек тарихи деректер мен құжаттар, 300-ге жуық иллюстрация енген. Олардың қатарында Мемлекеттік Эрмитаж қорындағы Әмір Темір дәуірінің шырағдандары, Түркістан туралы көпшілікке беймәлім картиналар мен жеке коллекциядағы сирек автолитография бар.
Previous Post

Президент тапсырмасы: Түркістан облысында жаңғыртудан өткен «Жібек жолы» кеден бекеті ашылды

Next Post

Түркістанда білім беру саласында жаңа тәсілдерді енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz

imunify-bot-check