gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда бейнебақылау камераларының көмегімен 10 айда 356 қылмыс ашылды

27 ноября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда бейнебақылау камераларының көмегімен 10 айда 356 қылмыс ашылды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиында пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамда заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру мәселелері қаралды. Облыс әкімі жауапты басшылардың есептерін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді.
– Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тұрақты жұмыспен қамту бойынша нақты шаралар қабылдап, оларды қайта даярлау және мамандық игеру жүйесін қайта пысықтап, ұсыныстар енгізу қажет. Мінезі мен іс-әрекетінде девиантты өзгерістері бар, тәуекел тобындағы оқушылармен атаулы әрі жеке жұмыс тетіктерін күшейтіп, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу шараларын жүйелеу керек. Сонымен қатар «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нысаналы топтармен жұмысты күшейтіңіздер, – деді Нұралхан Көшеров.
Мәжіліс барысында Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Данияр Баятанов пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың жұмыспен қамтылуы туралы баяндады. Оның мәліметінше, есепте тұрған 502 адам ақылы еңбекке тартылған. Облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарға тоқталып, ұсыныстарын жеткізді. Ал Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаев өңірдегі құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы есеп берді. Қазіргі таңда облыстағы 93 134 бейнебақылау камерасының 51 829-ы полиция департаментінің жедел басқару орталығына біріктірілген. Олардың көмегімен 10 айда 356 қылмыс ашылып, 120 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары нәтижесінде тіркелген деректер саны 42,8 пайызға төмендеген. Сонымен қатар заңсыз мазмұндағы 409-ға жуық интернет-ресурс бұғатталып, алаяқтыққа қатысы бар деген күдікке ілінген тұлғалардың 1 073 есепшоты тоқтатылған. Есірткі қылмысына қарсы күрес аясында 165 рейд жүргізіліп, 515 граффити жазуы жойылған, есірткі таратумен байланысы бар 1 360 интернет-ресурс бұғатталған.
Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанар Бектаева «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың орындалу барысын таныстырды. Өңірде заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру мақсатында 17 аудан мен қалада 1299 іс-шара ұйымдастырылып, 135 мыңнан астам адам қамтылған. Жастар арасында адалдық, еңбекқорлық, заңға құрмет және елге жанашырлық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған 2 563 іс-шара өткізіліп, 175 мыңнан аса жас қатысқан. Құқық бұзушылық, нашақорлық, лудомания, буллинг және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша 1910 психопрофилактикалық шара ұйымдастырылып, 135 мыңнан аса жасқа түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Мәжіліс қорытындысында облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдіктеріне күн тәртібінде талқыланған мәселелер бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
Previous Post

Түркістан облысындағы «Жібек жолы» өткізу пунктін жаңғырту бизнес пен туризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz

imunify-bot-check