gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қош келдің, Наурыз!

26 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Қош келдің, Наурыз!
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы — байырғы заманнан келе жатқан “Көктемгі жаңару” мерекесі екені белгілі. Наурыз — ерте кезден бері тойланып келеді. Бұл мейрам Орта Азия халықтары, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық мейрамы.
Ұлыстың ұлы күніне орай Кентау қаласында мерекелік іс-шара өтті. Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты салтанатты жиын өтті. Онда қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері мен қол-өнер бұйымдары кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, этномәдени орталық өкілдері де өз тағамдарын ұсынып, қол өнер бұйымдарын көрмеге қойды.
Іс-шараның өтуіне қалалық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қоғамдық келісім кеңесінің филиалы, қалалық қазақ тілі қоғамы, этномәдени орталықтар, әжелер алқасы бірлесе атсалысты.


Іс-шара қалалық мәдениет сарайы өнерпаздарының онлайн концертімен жалғасын тапты. Карантин талаптарына сәйкес көпшілік концертті онлайн форматта тамашалады.
«Тәуелсіздіктің — 30 жылдығы» аясында және Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай «Жастар саябағында» орналасқан футбол алаңшасында 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында футболдан жарыс өтті.

Жалпы саны 7 командада 100-ден аса спортшы қатысты. Тартысты өткен жарыстың нәтижесі бойынша І орынды — «Кентау», ІІ орынды — «Жасұлан-1», ІІІ орынды — «Жасұлан-2» командалары иеленді.
Сондай-ақ, аталған жарыста үздік ойын көрсеткен спортшылар анықталып, барлығы тиісті дәрежедегі диплом, медаль, кубоктармен марапатталды.

Previous Post

Саурандықтар Елбасына алғыс айтты

Next Post

Қала тұрғындарына қуаныш сыйлады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz