gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Құрылыс барысында кемшіліктер анықталды

22 декабря, 2021
in Жаңалықтар
0
Құрылыс барысында кемшіліктер анықталды
Share on FacebookShare on Twitter

КЕНТАУ — Жөндеу жұмыстарынан өтіп жатқан көп қабатты үйлерге партиялық бақылау жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлайды Кентау Ақпарат.
Қазақстан Республикасының Тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020 -2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгін «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалының жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері құрылыс барысында болып, жөндеу жұмыстарының сапасын бақылады. Тұрғындармен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады.
Атап айтқанда Абай көшесі №11, 9, 7,5,3,1 үйлерге мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде біршама кемшіліктер анықталды. Мәселен, кей мердігерлер жұмысшылардың ақысын бермегендіктен қасбеттің жартысын боямай кеткен. Подъезд ішіндегі қорғаныс жүйесінің ағаштары да талапқа сай емес. Электр жүйесінің сымдарыда талапқа сай жабылмаған. Баспалдақтағы бояуда бірыңғай жағылмаған. Ал, тұрғындар тарапынан жөндеу жұмыстарының мерзімі созылып жатқандығы айтылды.
Мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында анықталған кемшіліктер бойынша тапсырыс берушіге, мердігерлерге және техникалық қадағалаушыларға тиісті ұсыныстар айтылып, желтоқсан айының соңына дейін кемшіліктерді жоюға және тұрғындардың айтқан ұсыныстарын орындауға уақыт берілді. Алдағы уақытта партиялық бақылау комиссиясы тарапынан қайта мониторинг жұмыстары жүргізілетін болады.

Previous Post

Әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасамақ болған күдікті ұсталды

Next Post

ҚР Президенті: 2022 жылды Балалар жылы деп жариялау керек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz