Құрметті қала тұрғындары,
ардақты комбинат ардагерлері!
Сағына күткен Жаңа Жылымызда келді. Қолайсыз жағдайларды ертіп келді, бірақ осының арқасында қоғам тазарып, қиыншылықтардың себептері айқындалып, алған бағыттарымыз түзеліп келеді. Баяғының ғұламасы айтқандай «Бұлда өтеді». Халқымыздың бірлігінің арқасында қиыншылықтарды жеңіп алға қарай жылжимыз. Өмір жалғасып жатыр.
Осы жылдың 24 тамызында қаламыздың негізін қалаушы Октябрь Революциасы орденді, «Ащысайтүстіметалл» комбинатының құрылғанына 95 жыл толады. Аталған комбинатың құрылуы Қазақстанның Оңтүстік өңірінде, бұрын болмағантау-кен, ауыр өнеркәсіп салаларының қалыптасуына және дамуына себебкер болды, комбинатқа қарасты кен орындарында Ащысай, Байжансай, Хантағы және кейін қаламыздың негізі болған Мырғалымсай елді мекендері пайда болды. 73 жылға созылған тарихында комбинаттың қаламыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан үлесі шексіз.
Әлеуметтік инфраструктура, медицина, білім беру, мәдениет, тұрғын үй, сумен, жылумен және электрқуатымен қамсыздандыру нысандарын салу комбинаттың құзырында болды. Қаланың басқа салаларының жұмысшылармен, қызметкерлерімен бірге Кентаудың атын әлемге әйгілі еткен көптеген майталмандары – Социалистік еңбек ерлері, Лениндік, Мемлекеттік тағы да басқа көптеген сыйлықтардың иегерлері шыққан.
Солардың ішінде Социалистік Еңбек ерлері, комбинаттың, қаламыздың атын дүниежүзілік кеншілер қауымдастығына пәш еткен осы жылы 100 жасқа толатын Жерносеков Илья Митрикеевичтің, 95 жасқа толатын Камалов Нұрмаханның, 90 жасқа толатын Тәжімбетов Мырзаханның, 75 жасқа толатын, Еңбек Даңқы орденінің толық иегері, КСРО Жоғарғы кеңесінің депутаты – Пайзиев Дүйсенбайдың орындары ерекше, келешек, өскелең жасөспірімдерді өз еліне деген сүйспеншілдікке, еңбекқорлыққа баулу мақсатында, Қазақстан Республикасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламаксының аясында аталған азаматтардың еңбектерін бағалап, қала көлемінде атап өтуге, Кентау қаласының әкімі өз орынбасарларына, әкімшіліктің бөлімдеріне тапсырма берді, іс-шаралар жоспары жасалды.
Құрметті ағайын, әсірісе кенші қауым, аталған азаматтар ортамыздан шыққан, кеше ғана ортамызда жүрген әріптестеріміз, ағайын-достарымыз. Егер айтар әңгімелеріңіз, тілектеріңіз болса бізге, ұсынуларыңызды сұраймыз.
Отбасыларыңызға амандық, бақыт, табыс, ұзақ өмір тілеймін.
Ж.Ш.Аққұлов,
«Ащысайтүстіметалл»
комбинатының
ардагерлер кеңесінің төрағасы