2021 жылы қала тұрғындары қала келбетінің өзгеруіне өз үлесін қосу үшін Түркістан облысының әкімдігінің ресми сайтындағы Кентау қаласының әкімшілік құрылымындағы «Халық қатысатын бюджет» бөліміне өз ұсыныстарын жолдаған болатын. Келіп түскен ұсыныстардың ішінен сайлау арқылы жеңіп шыққан ұсыныс ағымдағы жылы жүзеге асырылатынын хабарлаймын.
Қала тұрғындары қала келбетінің өзгеруіне өз үлесін қосу үшін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы арқылы ұсыныстарын жолдау қажет.
Порталға тіркелу арқылы тұрғындар өз аумақтарына кажет жобаны ұсынады. Бірақ, олардың ішіне мектеп, балабақша құрылысы кірмейді.
Әкімдік келесі санаттар бойынша жобалық ұсыныспен бірге Кентау қаласы тұрғындарының өтінімдерін қабылдауды жүзеге асырады:
- аумақта көгалдандыру;
- тротуарларды жайластыру;
- тротуарларды, пандустарды,арықтарды салу және жөндеу;
- ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
- бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
- қоқыс тастайтын жерлерді жою;
- ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
- аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.
Әкімдіктің жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімінің аяқталу қорытындысы бойынша Әкімдіктің сараптамалықкеңесі он бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және әкімдіктің Ережесіне сәйкес әкімдік оларды іске асырудың орындылығы мен құзіреттілігі мәніне келіп түскен өтімдерді талдауды және техникалық тексеруді жүзеге асырады.
Халық жобаны ұсынғаннан кейін оны арнайы комиссия мүшелері талқылайды. Және таңдау түскен жоба қайта сайтқа шығарылып, дауыс беру басталады. Айта кетейік, дауысты қала тұрғындары электронды түрде береді. Осылайша ең көп дауысқа ие болған жобаның құрылысы келесі жылы басталады.
Құрметті қала тұрғындары!
Қаланы көркейту, көгалдандыру, абаттандыру мақсатында өз үлесіңізді қосуға, аталған «Халық қатысатын бюджет» жобасына барынша қатысуға шақырамын!
Сондай-ақ, қала тұрғындары өздерінің жобаларын электронды түрде Кентау қаласының әкімдігінің ресми сайтында ұсына алады. Келіп түскен жобалардың дауыс беруден және сараптамалық комиссияның оң шешімін алғаны 2023 жылы толыққанды іске асады.