gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Басты жаңалық

«Үйдің кезегін жылжытып беремін»: Кентауда тұрғыннан ақша алған күдікті әйел ұсталды

3 марта, 2022
in Басты жаңалық
0
«Үйдің кезегін  жылжытып беремін»: Кентауда тұрғыннан ақша алған күдікті әйел ұсталды
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қалалық полиция басқармасының полицейлері «үйдің кезегін жылжытып беремін» деп тұрғынның ақшасын алған күдікті әйелді ұстады.
Нақтырақ айтсақ, өткен жылдың қараша айында жергілікті тұрғынның танысы «үйдің кезегін жылжытып беремін» деп одан 200 000 теңгесін алған. Осы уақыт аралығында танысының берген уәдесіне алданғанын түсінген әйел ҚПБ-ға арызданып, полицияның көмегіне жүгінген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілді.
Полицейлер жәбірленушінің арызына орай, шұғыл түрде іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті әйел тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Ол жергілікті тұрғын, егде жастағы әйел болып шықты.
Белгілі болғандай күдікті деп танылған әйелдің ешқандай жерде жұмыс істемейтіні анықталды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.
Түркістан облысының полицейлері алаяқтардың арбауына ермей, кез келген мәселеңізді заң жүзінде шешіңіздер деп ескертеді. Егер де, сіз, алаяқтық қылмысына куә болсаңыз немесе құрбаны болсаңыз «102» шұғыл нөміріне хабар беріңіздер. Өйткені дер кезінде берілген ақпарат, қылмыстың тез ашылуына ықпал етеді.

Previous Post

Ертең Кентауда дабыл жүйесі іске қолысады

Next Post

«Amanat» ашықтық пен нақтылықты ұстанады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz