gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бәйдібек ауданында екі елді мекенге газ берілді

19 апреля, 2022
in Жаңалықтар
0
Бәйдібек ауданында екі елді мекенге газ берілді
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында бір күнде екі елді мекенге табиғи газ берілді. Салтанатты іс-шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Мыңбұлақ пен Бестоғай елді мекені тұрғындарының қуаныштарымен бөлісті.
Екі ауылдың газ торабын іске қосу рәсімінде құттықтау тілегін жеткізген аудан басшысы Ержігіт Шәріпбеков: «Ауданда көптеген ауқымды жұмыстар қолға алынып, түрлі нысандардың құрылысы жүргізіліп ел игілігіне пайдалануға беріліп жатыр. Бүгін екі елді мекенге газ беріліп отыр» деді.
Мыңбұлақ пен Бестоғайдағы 300-ге жуық отбасы ендігі кезекте көмір тасып, күл шығармайтын болды. Осылай деп қуанған ақ жаулықты апалар жүрек жарды тілектерін жеткізсе, ауыл қариялары аудан басшылығына алғыстарын білдірді.
Осылайша Мыңбұлақ ауылдық округіндегі екі елді мекен тұрғындарын «көгілдір отынмен» қамтамасыз етуге қатысты туындаған сұрақтары толығымен шешімін тауып отыр. Бәйдібек ауданында 2015 жылы магистралды газ құбырының құрылысы жүргізіліп, аудан орталығына газ берілген болатын. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған екі ауылды қосқанда аудандағы 11 ауыл табиғи газды тұтынып отыр. Осы айдың соңына дейін Жүзімдік, Ақбұлақ, Қосбұлақ, Қайнарбұлақ, Мәдениет және Ынтымақ ауылдарына газ беріледі деп жоспарлануда. Одан бөлек қазіргі таңда бес елді мекенді газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Previous Post

Мамырда «Түркістан» туристік-рекреациялық кешеніне су жіберіледі

Next Post

Ордабасы ауданында ескірген электр желілері кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz