gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістанда мәслихат хатшыларының республикалық кеңесі өтті

29 марта, 2022
in Қоғам
0
Түркістанда мәслихат хатшыларының республикалық кеңесі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің отырысы өтті. Аталған жиынға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мәслихаттарының хатшылары, депутаттар, Түркістан облысы қалалары мен аудандары мәслихаттарының хатшылары қатысты.
«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі және Түркістан облыстық мәслихаты ұйымдастырған жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жолдары сөз болды.
Жиынды «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев жүргізіп отырды.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысы тарапынан өңірге жақсы көңіл бөлініп жатқанын, Түркістан – бірлік пен татулықтың орталығы ретінде дамитынын тілге тиек етті. Ел бірлігін нығайтуда Түркістан тәжірибесі жоғары бағаланғанын атап өтті. Жолдаудағы басым бағыттарға тоқталып, облыстың даму барысымен таныстырды.
«Конгресс-холл» кешеніндегі жиында Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев және өңірлерден келген мәслихат хатшылары баяндама жасап, өз пікірлерін білдірді.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген мәслихат хатшылары мен депутаттары Түркістан қаласының сәулеті артып, жаңа қалаға айналғанына тоқталды. Түркістан өңіріндегі оң өзгерістерді жоғары бағалады.
Талғат Балабиев,
Кентау қалалық мәслихатының хатшысы

Previous Post

«Kentau bike» қызметі іске қосылады – Рашид Аюпов

Next Post

Кентау қалалық мәслихатының шешімімен Кентау қалалық қоғамдық кеңесі құрылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz