gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Amanat: Бастауыш партия ұйымдарына 20% жарналарды қайтару жұмыстары жүргізілуде

21 апреля, 2022
in Uncategorized
0
Amanat: Бастауыш партия ұйымдарына 20% жарналарды қайтару жұмыстары жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында 80 мыңға жуық партияластарды біріктіретін 244 бастауыш партия ұйымы бар. Олар 17 аумақтық партия филиалдарының жанынан құрылған. Еске салсақ, партияның кезектен тыс ХХІІ Съезінде БПҰ-ның бастамаларын қолдау мақсатында және партия имиджін ілгерілету үшін жергілікті жерлерде жарналардың 20%-ын қайтару тәжірибесі ұсынылған болатын.
Партияның негізі бастауыш партия ұйымдары боп саналатындықтан олардың жұмыстары оңтайландырылды. Бүгінде бұл жоспар Түркістан өңірінде жүзеге асырылды. Алда атқарар жұмыстарды пысықтау мақсатында бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында мәжіліс өткізілді.
Бейнебайланыс арқылы өткен онлайн-офлайн жиынға облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, бастауыш партия ұйымы төрағалары, аумақтық партия филиалдарының Атқарушы хатшылары және партия қызметкерлері қатысты. Б.Тәжібаевтың мәлімдеуінше бұл тәжірибе партиялық жобаларды жандандыруға, партия мүшелерінің санын арттыруға және сапалық құрамды нығайтуға септігін тигізеді.
Мәжілісте ол бастауыш партия ұйымдарын қаржыландыруға арналған нұсқаулыққа сәйкес жұмыс жүргізуді және іс-шараларды арнайы критерийлерге сай өткізуді тапсырды. Сондай-ақ орталықтандырылған дерекқор базасында ақпараттарды өзектендіру жұмыстарын күшейту де айтылды.
Съезде қабылданған шешімдердің қатарында «округтік БПҰ» құрып ірілендіру, қоғамдық қабылдау бөлмелерін ашып, халықпен кері байланысты нығайту тапсырмасы бар. Қазіргі таңда Түркістан облысында «Амангелді», «Кентау трансформатор зауыты» және «Түркістан станциясы» бастауыш партия ұйымдарында қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмысын бастады. Алдағы уақытта БПҰ төрағаларының белсенділігін және жауапкершілігін арттыру бойынша рейтинг енгізу көзделуде.

Талғат Балабиев,
«Amanat» партиясының мүшесі

Previous Post

Газ бен жол мәселесі тұрақты комиссия отырысында талқыланды

Next Post

Түркістанда «Батыл тойтарыс-2022» әскери оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz