gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Басты жаңалық

Ұлытаудан Түркістанға 72 жастағы жиһанкез келді

22 апреля, 2022
in Басты жаңалық
0
Ұлытаудан Түркістанға 72 жастағы жиһанкез келді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін жаңадан құрылғалы отырған Ұлытау облысынан киелі Түркістан шаһарына елімізге танымал 72 жастағы жиһанкез Сәрсенбай Қотырашов келіп жетті. «Ұлытауға бардың ба?» деп аталатын қарияның бұл марафоны Ұлытау өңірінен 31 наурыз күні басталған, деп хабарлайды Кентау Ақпарат тілшісі.

Сәрсенбай Қотырашов — Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қызметкері, еңбек ардагері. Ол қарашаға дейін бүкіл елді аралап, қолөнер шеберлерімен кездесуді жоспарлап отыр. Басты мақсаты- Ұлытау ауданының тарихымен және киелі жерлерімен көпшілікті таныстыру.
«Азапты болса да, алға қойған мақсатым жаймен орындалып келеді»,- дейді қария.
Жоспар бойынша, ол күніне 40 шақырым жол жүреді екен.
«Мен бұл марафонға жеті жыл бойы дайындалдым. Менің мақсатым – қолөнер шеберлерімен кездесіп, халықты Ұлытау тарихымен таныстыру. Соның ішінде «Көкмайса» фестивалін насихаттау да бар. Мен Қазақстанның барлық өңірлерін айналып өтуді жоспарлап отырмын. Күні кеше ғана Қызылорда облысынан өтіп, киелі Түркістанға келіп жеттім. Мені күтіп ап, қонақжайлық көрсетіп жатқан баршаңызға алғыс айтамын. Ертең Алла қаласа Шымкентке жолға шығамын»,- дейді жиһанкез.
Қария ары қарай Тараз, Алматы, Талдықорған қалаларына жол тартпақ. Сөйтіп ол Қазақстанның үздік қолөнершілерінің тізімін жасауды жоспарлап отыр екен.
Қоларбасын жанына серік еткен Сәрсенбай қарияны Түркістан облыстық Рухани жаңғыру кеңсесінің қызметкерлері арнайы күтіп алды. Сый-сияпат жасап, сапарына сәттілік тіледі.
ок

Previous Post

Түркістан облысын газбен қамту 70 пайызға жуықтады

Next Post

Ара шағып алған шымкенттік автобус жүргізушісі жол жиегіндегі кедергіге соғысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz