gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Басты жаңалық

Түркістан облысында импорттық өнімдердің 90% жуығы талапқа сай емес

23 апреля, 2022
in Басты жаңалық
0
Түркістан облысында импорттық өнімдердің 90% жуығы талапқа сай емес
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының санитариялық дәрігерлері дүкен сөрелеріндегі азық-түлік және өзге тауарларға жүргізген мониторинг барысында импорттық өндірістің 679, отандық өнімнің 155 сынамасын зерттеуден өткізген. Зерттеу нәтижесінде 36 сынаманың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған. Ол өнімдердің 89% — импорттық, 11% — отандық тауарларға тиесілі. Олардың ішінде тамақ өнімдерімен қоса, балалар ойыншығы, жеңіл өнеркәсіп өнімдері бар.
Зерттеу қорытындысы бойынша өнімдердің сыртында ақпарат мемлекеттік тілде жазылмағандығы, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, өнімнің сақталу шарттары, өндіруші немесе импорттаушы туралы ақпарат, өнімді пайдаланудың басқа да нұсқаулары көрсетілмегендігі белгілі болған. Осы орайда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жергілікті кәсіпкерлерге өнімдердің таңбалануын заңнама талаптарына сәйкес іске асыру керектігін еске салса, тұтынушыларды өнімнің жапсырмасына назар аударуға шақырады.
Сыртқы қаптамасында жарамдылық мерзімі, құрамы, сақтау шарттары туралы ақпарат көрсетілмеген өнімдер сіздің денсаулығыңызға зиян болуы әбден мүмкін.

Previous Post

Ара шағып алған шымкенттік автобус жүргізушісі жол жиегіндегі кедергіге соғысты

Next Post

Күшті жел Кентаудағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz