gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында қоқыс полигондарының иелеріне 4 млн теңге айыппұл салынды

28 апреля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында қоқыс полигондарының иелеріне 4 млн теңге айыппұл салынды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында санитариялық талаптарға сәйкес келмеген қоқыс полигондарының иелеріне айыппұл салынды. Кемшіліктерге жол берген 11 заңды, 1 лауазымды тұлға жалпы сомасы 4 226 940 теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған 127 полигон бар. Олардың 70-і мемлекеттің меншігінде болса, қалған 57 полигон жекеменшіктің балансына берілген.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы құзыретті органдармен бірге мемлекет меншігіндегі полигондар жұмысына мониторинг жүргізіп, біршама кемшіліктерді анықтады.
«​​​​​​​​Жалпы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының санитариялық-қорғаныш аймағы 1000 метр болуы тиіс. Ал, Арыс қаласы мен Сарыағаш ауданында полигонның санитариялық-қорғаныш аймағында тұрғын үйлердің орналасуына жол берген», — дейді Түркістан облысының СЭБД баспасөз хатшысы Ардақ Берден.
Сондай-ақ, тексеру нәтижесінде полигондардың басым бөлігінде қоқыс тасымалы көліктерінің дөңгелектерін зарарсыздандырушы дезинфекциялау бетон ваннасының болмауы, полигон айналасының қоршалмауы, дезинфекциялық шаралардың жүргізілмеуі сынды ҚР ДСМ бекіткен санитариялық талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталған.

Tags: полигонСЭСТүркістан облысы
Previous Post

Түркістандық кейуана 100 жасында жеке куәлігін жаңартты

Next Post

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық қылмысы 2 есеге өскен

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz