gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Құбыр ішіне құлап кеткен 2 жасар кентаулық бүлдіршіннің жағдайы ауыр

1 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Құбыр ішіне құлап кеткен 2 жасар кентаулық бүлдіршіннің жағдайы ауыр
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында құбыр ішіне құлап кеткен баланың жағдайы ауыр. Қазір 2 жасар сәби қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кентау қалалық орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Асылбек Утепбаев дәрігерлердің күндіз-түні қажетті ем-дом жасап жатқанын жеткізді.
Айта кетейік, оқиға кеше кешкі сағат 19.52 шамасында болған. Ойнап жүрген бүлдіршін есік алдындағы ағын суы бар құбырға құлап кеткен. Шақыртуға шұғыл жеткен Кентау қалалық 12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері сәбиді су толы құбырдан аман-есен алып шыққан болатын.
Бейнедегі кадрлардан бөлімше командирі, азаматтық корғау аға сержанты Нұрғали Керімбековтің тар құбырдың ішіне кіргенін көруге болады. Арнайы тартылған арқанмен жағдайды әріптестері бақылап тұрған. Құбыр ішінен шыққан сәбидің жылаған даусы көпшіліктің дегбірін алып жатты. Ал, шұғыл әрекет еткен құтқарушылар, нәрестені аман алып қалды. Құбырдан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне қолына тапсырды.

Previous Post

Кентау қаласында «Көктөбе» демалыс аймағы пайдалануға берілді

Next Post

Қазығұрт пен Сарыағашта Б.Өтемұратов қоры 180 отбасына қаржылай көмек көрсеттi

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz