gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауранда 50 жыл бұрын жерге көмілген хат табылды

7 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Сауранда 50 жыл бұрын жерге көмілген  хат табылды
Share on FacebookShare on Twitter

Жеңіс мерекесінің 77 жылдығы қарсаңында Сауран ауданы Жүйнек ауылдық округінде 1971 жылы ұрпаққа аманат етіп жазылған өсиет хатты салтанатты түрде ашу рәсімі өтті.
Алқалы жиынға Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ этнос жастары мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Іс-шара барысында осыдан 50 жыл бұрын жерге көмілген бабалар өсиеті алынып, онда жазылған жүйнектік 149 соғысқа қатысушылардың тізімі оқылды. Жиында белгілі болғандай, бабалардың өсиет хатын 1971 жылы С.Азимова жазып, арнайы капсуламен жерге қойып, сақтаған. Сол кезде 10-сынып оқушысы болған С. Азимова бүгінде 4 перзенттің аяулы анасы, 16 немеренің ардақты әжесі.
Салтанатты шарада аудан әкімі Ғ. Рысбеков жарты ғасыр тарихы бар хатты ашып, ізгі лебізін білдірді.
– Майдангерлердің халықтың бейбіт ғұмыр кешуіне қосқан үлесі зор. От пен оқтың ортасында Отан үшін жанын қиған батыр бабаларымыздың рухына тағзым жасау — біздің борышымыз. Ел үшін есіл өмірін қиған ерлердің жанкештілігі мен қайсарлығы, батырлығы мен отансүйгіштігі бүгінгі ұрпаққа үлгі. Тұрақтылық пен бейбітшілікті ту еткен егемен еліміздің басынан бақ таймай, бірлігіміз жарасып, ынтымағымыз нығая берсін, — деді Ғани Құрмашұлы.
Тарихи сәттің куәсі болған көпшілік қауым да толқынысын жасырған жоқ. Хатта соғыста қаза тапқан ерлердің есімі жазылып, соғыстан кейінгі халықтың тұрмысы баяндалған. Сондай-ақ соғыс батырларының ерлігі суреттеліп, келер ұрпаққа өсиет жазылған.

Previous Post

Арыста шіркейді залалсыздандыру жұмыстары қолға алынды

Next Post

Қазығұртта 100 жастан асқан 4 майдангер тұрады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz