gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандағы ескек есу каналына су жіберілді

11 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістандағы ескек есу каналына су жіберілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда құрылысы жүріп жатқан ескек есу базасына сынақтан өткізу үшін су жіберіле бастады. Осы арқылы мамандар каналды толық сараптап, кем-кетіктері болса, толықтырады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған нысанға барып, жұмыс барысымен танысты. Бүгінгі таңда жер жұмыстары жүргізілген. Беткейлерінің бетондау жұмыстары да аяқталып келеді. Арнайы құбырлары мен арықтары орнатылды. Су келетін каналдар дайын. Қазір 250 мың текше метр су жиналған, нысан су қабылдауға дайын.
– Бұл – өте ауқымды жоба. Спорт кешендері бар есу каналы өңірде су спортын дамытып қана қоймай, туризмнің гүлденуіне де үлес қосады. Екіншіден, қаланы көгалдандыру, атмфосферасын өзгертуде де каналдағы судың маңызы зор, – деді Өмірзақ Шөкеев.
Облыс әкімі одан кейін жауапты басшылармен бірге тағы да бірқатар құрылыс нысанын аралады. Халықаралық теннис орталығына барды. Мұнда жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Өндірістік кестеге сәйкес сыртқы әрлеу жұмыстары аяқталған. Сыртқы инженерлік желілері тартылып, әкімшілік ғимаратының 1 және 2-қабаттарында ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілген. Әкімшілік-іскерлік орталығындағы тұрғын үйлер де өндірістік кестеге сай салынып жатыр. Яссы көшесінің бойын абаттандыру, гүлзар салу да жалғасуда.
Өмірзақ Шөкеев 25 бригадаға арналған облыстық жедел жәрдем станциясында да болды. Сыртқы әрлеу, инженерлік желілер тарту жұмыстары мәреге таяу. Абаттандырылу барысы да талапқа сай. Нысан 1-2 ай көлемінде тапсырылмақ. Ал Полиция департаментінің жедел басқару орталығының шатыры орнатылуда. 2 және 5 автокөлікке арналған гараж, қойма ғимараттары 80%-ға дайын. Сыртқы инженерлік желілері тартылған. Құрал-жабдықтар жеткізілуде.
Өңір басшысы жауапты тұлғаларға құрылыс нысандарын сапалы әрі өз уақытында тапсыру керектігін ескертті. Өңірдегі әлеуметтік және маңызды нысандардың құрылысы жалғасады.

Previous Post

Шымкентте екі бала отпен ойнап жүріп ғимаратты өртеп алған

Next Post

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz