gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда көше тазалаудан жарыс ұйымдастырылды

16 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Кентауда көше тазалаудан жарыс ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында салауатты өмір салтын ұстану және қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында қала әкімдігінің қолдауымен, «Көзқарас» ұйымының белсенді жастарының ұйымдастыруымен «Plogging» іс-шарасы өткізілді. Оған қала әкімі Рашид Аюпов және қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев қатысып, белсенді тұрғындарға сәттілік тіледі.
«Plogging» шарасына қаладан 10 команда қатысты. Әр топ бес адамнан жасақталған. Олар арнайы бөлімдер белгілеп берген көшелерді жылдамдықпен толық тазалап шықты. Шарт бойынша командалар белгіленген уақытта өздеріне тапсырылған көшені тазалап, қоқыстарды арнайы қаптармен қаптайды.
Пайдалы сайыс қаланың орталығындағы басты көшелерде өткізілді. Яғни үнемі тазалыққа шағым көп түсетін аймақтар таңдалды. Шараға қатысушылар жылдам қоқыс жинап қана қоймай, қала тұрғындарына тазалық сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын да жүргізді.
Игі шарада өзгелерден қоқысты артық жинаған топтар анықталып, қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар «Plogging» шарасына демеуші болған қалалық мәслихат депутаты Махсут Гайруллаев тарапынан әзірлеген бағалы сыйлықтар табысталды.
Шараның басты мақсаты – тұрғындарға қаланың тазалығына бейжай қарамауды насихаттау, әр азаматты өз ауласы мен көшесін таза ұстауға бейімдеу. Кентауда мұндай бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Previous Post

Алдағы аптадан банктер жеңілдетілген автонесие беруді бастайды

Next Post

Түркістан музыкалық драма театрында жаңа премьера!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz