gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Түркістанда жаңа туған сәбиге екі күн бойы ота жасалды

20 мая, 2022
in Денсаулық, Жаңалықтар
0
Түркістанда жаңа туған сәбиге екі күн бойы ота жасалды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысындағы неонатологтар мен балалар хирургтары асқазанынан қан кетіп туған нәрестені құтқарып қалды. Кішкентай Рамазанға жарық дүниеге келген сәттен бастап екі күн бойы ота жасалды.
Қазығұрт ауданының 23 жастағы тұрғыны Сәуле Күмісбектің алғашқы жүктілігі асқынумен өткен. Сондықтан жүкті келіншек босану кезінде қатты қиналыпты. Салдарынан сәби гипоксиямен дүниеге келді. Екінші күні кенеттен оның асқазанынан қан кете бастаған. Гемоглобині де өте қатты төмендеп кетіпті. №1 облыстық перинаталдық орталығы мен облыстық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігерлері бірден перзентханада ота жасауға шешім қабылдады.
«Асқазанның идиопатиялық жарылуы — жаңа ту ған нәрестелерде сирек кездесетін хирургиялық ауру. Кенеттен пайда болады. Баланы тасымалдау өте қауіпті болды. Облыстық клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, штаттан тыс балалар хирургы С.Сарыбай және анестезиолог-реаниматолог Е.Рахимов перинаталдық орталыққа шұғыл келіп, ота жасау бөлмесінде науқас сәбиге көмек қолын созды», — дейді хирург Сұлтанғали Сарыбаев.
Науқасқа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ота жасалды. Қазіргі таңда Рамазан салмақ жинап, анасы екеуі ауруханадан шықты.

Previous Post

Түркістан мектептері күннен қуат алатын болды

Next Post

Мақтаарал диқандары қант қызылшасын шетелге экспорттауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz