gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Cаясат

Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті

22 мая, 2022
in Cаясат, Жаңалықтар
0
Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

5 маусымда Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау бойынша бүкілхалықтық Референдум өтетіні белгілі. Осы күннің саяси маңызын насихаттау мақсатында Түркістанда Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы мәслихатының хатшылары, тұрақты комиссиялары мен төрағаларымен және жергілікті депутаттармен және облыс, қала, аудан Қоғамдық кеңестері мен Ардагерлер ұйымдары төрағалары, мүшелерімен
кездесу өтті.
Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың және «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұқашев Төлеубек модератор ретінде кездесуді ашып жүргізіп отырды.
«Референдум — халық билігінің айқын үлгісі, әрбір қазақстандықтың өз азаматтық ұстанымын білдіру арқылы Жаңа Қазақстанды құруға тікелей үлес қосуының жарқын көрінісі.
Мемлекет Басшысының Жаңа Қазақстанды, екінші республика құру идеясының Референдум өткізуден бастау алуы — тарихи оқиға. Өйткені, бұл 27 жылдан кейін өткізіліп отырған екінші Референдум. Бұған дейінгі Конституцияға өзгерістер Парламентте талқыланып, енгізіліп келген. Өткізілгелі отырған Референдумның тарихи мән-маңызы ол тұтастай ұлттың тағдырына қатысты мәселелерді халықтың талқысына шығару, оның мемлекеттік билікке тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып, демократия негіздерін орнықтыру» деген Төлеубек Төлеуұлы жиын қатысушыларына сөз берді.
Республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ізмұхамбетов Бақтықожа референдумның ел болашағы үшін, ұрпақ келешегі үшін қажеттілігіне тоқталса, Түркістан облыстық маслихат хатшысы Қайрат Балабиев тағдыршешті референдумның жаңа Қазақстан құрудағы рөлін атап өтті.
Республикалық кәсіподақ федерациясы басшысының орынбасары Нұрлан Өтешов, Қазығұрт аудандық мәслихатының хатшысы Өрісбай Көпеев, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, Алматы облысы мәслихатының депутаты Әсел Төлепбергенова, Жамбыл облысы мәслихатының депутаты Сұлтан Өсербаев, Түркістан облысы мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева, Түркістан облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов өңірлерде референдумды өткізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Референдум өткізу жөнінде ел азаматтарының алдына қойылған міндетті жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен республика көлемінде және өңірлерде Қоғамдық штабтар құрылды.
Аталған қоғамдық штабтарға үкіметтік емес ұйымдар, зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдары және саяси партиялар («Аманат», «Ақжол», «Ауыл») өкілдері, қоғам қайраткерлері, жас мамандар, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, этно-мәдени бірлестіктердің және білім саласының өкілдері еніп отыр.
Бүгінде Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб және өңірлердің қоғамдық штабтары республика көлемінде ақпараттық-насихаттық жұмыстарды кеңінен және белсенді түрде жүргізіп отыр.

Previous Post

Құқықтық мемлекет- әділетті қоғам біздің таңдау

Next Post

Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб облыс кәсіпкерлерімен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz