gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкенттік полицей көпірден секірмек болған тұрғынды  құтқарып қалды

24 мая, 2022
in Қоғам
0
Шымкенттік полицей көпірден секірмек болған тұрғынды  құтқарып қалды
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттік полицейдің көпірден секірмек болған тұрғынды  құтқарған сәті оның бейнежетонына жазылып қалған, деп хабарлайды kentauinfo.kz тілшісі.

895 жаяу бағыттағы Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторларынан жергілікті тұрғын көмек сұраған. Ол Қапал батыр көшесіндегі көпірден белгісіз адамның өз-өзіне қол жұмсамақ болып, көпірдің жақтауында секіргелі тұрғанын көрсетіпті. Аталған жайт бойынша   оқиға орнына жеткен тәртіп сақшысы ер адамның көпір жақтауына шығып, секіруге оқталғанын көреді. Жедел әрекет еткен полицейлер тұрғынды сөзге тарта отырып, қауіпсіз жерге шығарып алды.
«Күнделікті жұмысқа келгенде бірінші ойым – қоғам тыныштығын сақтап, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Менің осы уақытқа дейінгі қызмет барысымда бұндай жағдай бірінші рет орын алып отыр. Аллаға шүкір, азаматты құтқарып үлгердік, ол дін аман»,-дейді полиция аға лейтенанты Жанболат Тастахов.
Тағы бір айта кетерлігі,  жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы азаматтың алдымен жолда жүріп жатқан көліктердің астына түспекші болғаны анықталған. Мән-жайды анықтау үшін өмірімен қош айтыспақ болған азамат Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.

Previous Post

Түркістан облысында тауда адасып қалған 4 адам құтқарылды

Next Post

Түркістандық мектеп түлектері жыл сайын мұқтаж отбасыларға баспана сыйлауды дәстүрге айналдырған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz