gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Референдумды қоғамдық қолдау мақсатында 1500-ден астам кездесу өтті

1 июня, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Референдумды қоғамдық қолдау мақсатында 1500-ден астам кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін Референдумды қоғамдық қолдау мақсатында 1 515 түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастырылып, 134 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Бұл туралы брифингте Қоғамдық штаб жетекшісі Қайрат Балабиев мәлімдеді.
«Бүгінде облыста Ел Президентінің Референдум өткізу жөніндегі баршамыздың алдымызға қойып отырған міндетін жүзеге асыру мақсатында облыста екі штаб құрылды. Оның бірі — облыстық Қоғамдық штаб, екіншісі — «Amanat» партиясының облыстық штабы. Әуелгі қоғамдық штабқа үкіметтік емес ұйымдар, зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдары және саяси партиялар («Аманат», «Ақжол», «Ауыл») өкілдері, қоғам қайраткерлері, жас мамандар, облыстық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, этно-мәдени бірлестіктердің және білім саласының өкілдері, блогерлер енгізілді. Барлығы 58 адам. Облыста референдумға дайындық жұмыстары қарқынды жүруде. Референдум өткізу жөнінде облыстық жоспар дайындалып, желілік кесте әзірленді»- деді Қайрат Рахымұлы.
Сондай-ақ брифингке қатысқан «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін 1 200-ге жуық іс-шарадан тұратын желілік кесте бекітілгенін айтты. Оның 227-сі Орталық және облыстық деңгейдегі, 905-і аудандық, қалалық деңгейдегі іс-шаралар. Аймақта барлық деңгейдегі штаб мүшелері қатысқан кездесулерде жергілікті тұрғындар тарапынан түрлі мәселелер бойынша 1100-ден астам ұсыныс-тілек жинақталған.

Previous Post

Тұрғындар дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты онлайн ала алады

Next Post

Түркістандықтар референдумға белсенді қатысуды көздеп отыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz