gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақтаарал халқы референдумға белсене қатысады

2 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Мақтаарал халқы референдумға белсене қатысады
Share on FacebookShare on Twitter

Осыдан екі жыл бұрын топан судан зардап шеккен мақтааралдықтар Қазақстан үкіметі мен халқының ерекше қолдауын әлі ұмыта қойған жоқ. Бүгінде аудан көркейіп, экономикалық ахуалы да жыл санап жақсарып келеді. Тындырымды тірліктер де аз емес. Ынтымағы мен берекесі жарасқан мырзашөлдіктер алдағы референдумда да ерекше белсенділік танытамыз деп отыр. Өйткені олар ел болашағының жарқын болатынына үлкен сеніммен қарайды.
Бүгін партия жанындағы республикалық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сырым Ертаев аталған ауданның Жаңа жол, Ж.Нұрлыбаев және Иіржар ауылдық округтерін аралап, жергілікті тұрғындармен кездесіп, науқан алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының атқарушы хатшысы Д.Асабаев, облыстық мәслихат депутаттары О.Мамиров, Б.Серманизов және Ұ.Жұрымбетова, аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Ең алдымен штаб мүшелері Нұрлыбаев ауылдық округі, Өнімкер елдімекенінің диқандарымен кездесіп, Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
— Ата заңға енгізілетін өзгерістерге сәйкес, мәжіліс аралас сайлау жүйесі бойынша партиялық тізімдер негізінде және бір мандатты аумақтық округтер бойынша құрылатын болады. Бұдан басқа, Мәжіліс заңдарды өз бетінше қабылдауға құқылы. Жалпы, Парламенттің рөлі нығайып, сол арқылы мемлекеттің институционалдық тұрақтылығы артады», — деді Сырым Маханбетұлы.
Ауыл тұрғындары Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қатысты қызығушылық білдіріп, өз сауалдарын да қойды. Атап айтсақ, тіл мәртебесі, жер пайдалану, ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттен берілетін жәрдем сынды сан-салалы сұрақтарын жолдап, тұшымды жауаптарын алды.

Previous Post

Мәжіліс депутатының қатысуымен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Next Post

Сарыағаштық ұстаздар мен дәрігерлер референдумда таңдау жасауға дайын

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz