gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Өзгеріске дауыс беруіміз керек

2 июня, 2022
in Қоғам
0
Өзгеріске дауыс беруіміз керек
Share on FacebookShare on Twitter

5 маусым күні ел ертеңі үшін маңызы зор саяси оқиға болмақ. Нәтижесінде Ата Заңымызға түзетулер енгізіліп, Конституциялық Кеңестің орнына Конституциялық Сот құрылмақ. Мұндағы мақсат – «Жаңа Қазақстандағы» теңқұқықты қоғамды құру. Яғни, заңмен қорғалатын құқықғы бұзылған әрбір азамат Конституциялық Сотқа жүгініп, өз құқығын талап етуге мол мүмкіндік алады. Тағы бір айта кетерлігі – тұрғындар Конституциялық Сотқа тікелей немесе конституциялық өкілет берілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл арқылы жүгіне алады. Демек, өзге өңірлерде тұратын азматтар астанаға келіп әуре болмайды. Өйткені, Омбудсмен кеңсесі әр облыста ашылады.
Сондай-ақ, алдағы референдумның ел үшін берері көп. Себебі, дәл осы саяси сайлаудан кейін билік жүйесінде де көптеген өзгерістер орын алып, мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына қадам басады деп сенемін. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанып отырған басқару жүйесі айқын дәлел. Нақтырақ айтсақ, еліміз осы референдумнан кейін суперпрезиденттік басқарудан мықты парламенті бар елге айналады.
Осыларды және басқа да өзгерістерді ескере келе, бүкілхалықтық референдум әрбір қазақстандық үшін және болашақ ұрпақ үшін маңызды деп ойлаймын. Сондықтан референдумды қолдап, өзгеріске дауыс берейік.
Айдана Сейдуллаева,
Заңгер.

Previous Post

Сарыағаштық ұстаздар мен дәрігерлер референдумда таңдау жасауға дайын

Next Post

Біз-референдумға сіздермен бірге барамыз!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz